ҚР СІМ-нің Қоғамдық кеңесіне мүшелер сайлау туралы конкурс

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 8,9 баптарына және  «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №447 қаулысына сәйкес ҚР СІМ-нің Қоғамдық кеңесіне мүшелер сайлау туралы конкурс жариялайды.

Министрлік 2016 жылғы 19 ақпан мен 27 ақпан аралығындағы мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңеске кандидатуралар туралы жазбаша ұсыныстар қабылдайды.

Өз ұсыныстарын жіберу үшін әрбір коммерциялық ұйым және әр азамат біреуден артық кандидат ұсына алмайды.

Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске ұсынылатын кандидаттарға  «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Кандидаттарды таңдау кезінде, сыртқы саясат саласындағы ең үлкен практикалық және гуманитарлық тәжірибесі бар, шетел тілдерін білетін адамдарға басымдық құқығы беріледі.

Құжаттар (азаматтардан түскен өтініш немесе коммерциялық емес ұйымның ұсынысы, кандидаттың өмірбаян мәліметтері, коммерциялық емес ұйымды әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі) қабылдау 9.00 - 18.00 сағатқа дейін, үзіліс 13.00 - 14.30 сағатқа дейін күн сайын көрсетілген мерзімде жасалады, сенбі және жексенбіні қоспағанда, мына мекенжай бойынша:

010000, Астана қаласы

Д.Қонаев көшесі, 31- үй, 266 - кеңсе

Телефон: 8-(7172)-72-03-46

e-mail: d.kurmasheva@mfa.kz

*Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңес құру мәселелері жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы бұйрық

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосылған : 19.02.2016, 10:02, Өзгертілген : 26.02.2016, 18:14