​Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына орай КОММЮНИКЕ

2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады.

Ширек ғасыр ішінде қалыптасқан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың серпілісі екі тараптында, қазақстан-болгар ынтымақтастығын дамытуға деген ортақ қызығушылықтарын растайды.

Болгария Президенті Ж.Желевтің 1993 жылы Алматыға сапары және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 1999 жылы Софияға жауап сапары көпжақты қарым-қатынастардың кеңеюіне едәуір серпін берді.

ЕҚЫҰ, ДСҰ мен БҰҰ халықаралық ұйымдарының шеңберінде сенім диалогі орнаған.

Экономикалық ынтымақтастыққа мүдделілік екі елдің геосаяси артықшылықтарымен шартталған. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-болгар үкіметаралық комиссиясының отырыстары жүйелі түрде өткізіледі.

Саяси-гуманитарлық кеңістік ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. 1907 жылы қазақ жеріне алғаш қоныс аударған болгарлар Ақтобе облысының Болгарка ауылының негізін қалаған. Болгар тілін, мәдениеті мен халық дәстүрлерін жандандыру мақсатында 1995 жылы Қазақстанда Болгар этномәдени орталығы құрылды. Өз кезегінде, 2015 жылы София университетінде Қазақ тілі және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығы ашылды.

Еліміздің халықы мәдениетке баса қызығушылық танытуда, оған дәлел ретінде өткізілетін музыкалық конкурстар мен ұлттық оркестрлердің қойылымы болып табылады.

Қазақстан мен Болгарияның достық қарым-қатынастары мәселелерінің кең спектрі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың алғышарттары болып табылады.

Қосылған : 5.06.2017, 19:30, Өзгертілген : 5.06.2017, 19:30