Қазақстан республикасы мен швеция корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай КОММЮНИКЕ

2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан мен Швеция маңызды мерейтойлық іс-шара – дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.

Бұл ынтымақтастық қорытындыларын жасауға оңтайлы себеп болып табылады. Өткен жылдар ішінде қазақстандық-швед қарым-қатынастары дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді: үкіметтік және парламентаралық делегациялардың тұрақты түрде сапарлармен алмасуы жүзеге асырылады, берік келісім-шарттық база құрылды, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл қарқынды дамуда.

2004 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Швецияға ресми сапары екі елдің ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды кезеңі болды. 2013 жылы Қазақстан мен Швеция сыртқы саяси ведомстволар басшыларының сапарлары да жемісті өтті.

Швеция Солтүстік Еуропа елдерінің ішінде Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар салу көлемі мен тауар айналымы бойынша екінші орын алады. Бұл швед бизнесінің Қазақстанға өспелі қызығушылығын және оны Швеция Үкіметі ынталандырып отырғанын көрсетеді. Мәселен,
2015 жылы Швецияда швед өнімі экспорты көтермеленетін басым елдердің қатарына Қазақстан кіретін экспортты жылжыту жөніндегі Стратегия қабылданды. Ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінеді.

Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толған тұста Қазақстан мен Швеция 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде жұмысқа кірісуінің символдық мәні бар және күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тығыз бірлесе қызмет етуге ниеттенеді.

Астана мен Стокгольм жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау сияқты әлемдік саясаттағы көптеген маңызды мәселелер бойынша пікірлері ұқсас болғандықтан халықаралық аренада табысты өзара іс-қимыл жасауда. Швецияның белсенді сыртқы саясатын ескере отырып, Қазақстан онымен халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамытуға мүдделі.

Ширек ғасырда қол жеткізген қазақстандық-швед ынтымақтастығының жоғары деңгейі саяси диалогты және екі елдің іскер топтары мен азаматтары арасындағы өзара байланыстарды одан әрі күшейтуге жаңа перспективалар ашады.

Қосылған : 7.04.2017, 07:30, Өзгертілген : 7.04.2017, 06:30