Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай коммюнике

2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан мен Норвегия дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.

Ширек ғасырдағы екі елдің қарым-қатынастарының дамуы сапалық деңгейіне жетті: ынтымақтастықтың жаңа салалары мен түрлері пайда болды, әр түрлі деңгейде делегациялармен алмасу айтарлықтай жандандырылды, шарттық-құқықтық база кеңейтілді, жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша көпжақты форматта диалог нығайтылды.


2001 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Норвегияға алғашқы ресми сапары, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңі болды. 2004 жылы Норвегия Корольдігінің Премьер-Министрі
К. Бондевиктің, 2010 жылы мұрагер ханзада Х.Магнустың, Норвегияның Сыртқы істер министрі Й. Сторенің Қазақстанға және 2013 жылы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Е. Ыдырысовтың Ослоға сапарлары жемісті болды.

Астананың және Ослоның берік сенімді байланыстар орнатудағы және қолдау көрсетудегі өзара ұмтылысы, қазақстандық-норвегиялық Сауда-өнеркәсіп палатасын, Қазақстанның және Норвегияның Құрметті консулдық институттарын ашуға, парламентаралық байланыстарды дамытуға ықпал етті.

Қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастықта қол жеткізген деңгей, екі елдің халықтары арасындағы саяси диалогты және іскер топтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қосылған : 5.06.2017, 12:15, Өзгертілген : 5.06.2017, 12:15