​Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Арнайы жұмыс тобының 49-шы отырысының коммюникесі

2017 жылғы 1-2 маусымда Ашғабат қаласында Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Арнайы жұмыс тобының 49-шы отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына Әзербайжан Республикасының (басшысы–Х.Халафов), Иран Ислам Республикасының (басшысы–И.Рахимпур), Қазақстан Республикасының (басшысы–З.Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы–И.Братчиков) және Түрікменстанның (басшысы–М.Атаджанов) делегациялары қатысты.

Келіссөздер қатысушылары алдында Түрікменстан Министрлерінің Кабинеті Төрағасының орынбасары, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Р.О. Мередов сөз сөйледі. Отырыста Түрікменстанның Президенті жанындағы Каспий теңізі мәселелері жөнінде Мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы М.Г. Атаджанов төрағалық етті.

Отырыс барысында делегациялар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасының келісілмеген ережелерін талқылады. Өткізілген келіссөздердің нәтижесінде Конвенция жобасының бірқатар ережелері келісілді.

Делегациялар өткен келіссөздердің қорытындысына оң баға беріп, кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Түрікменстанға алғыс білдірді.Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы Иран Ислам Республикасында өтеді. Оны өткізу мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісетін болады.

Қосылған : 7.06.2017, 18:05, Өзгертілген : 7.06.2017, 18:05