Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссия


Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссиясы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 112-р өкімімен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi, олардан шығуы, оларға қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы мәселелерi жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылады.

Ережеге сәйкес Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

  • Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы;
  • халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті жарналарды төлеудің шарттары;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруі, қатысуы, шығуы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, жылына кемiнде екі рет өткiзiледi. Бүгінгі күнде Комиссияның 48 отырысы өткізілді. Соңғы отырыс 2017 жылғы 17 қарашада өтті.

Қосылған : 4.12.2013, 19:39, Өзгертілген : 3.03.2018, 12:00