«Когалымавиа» А321 рейсіндегі лаңкестік актіне қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Қазақстан 2015 жылғы 31 қазанда «Шарм-эш-Шейх – Санкт-Петербург» бағыты бойынша ұшқан ресейлік «Когалымавиа» компаниясының А321 жолаушылар ұшағында жасалған террорлық актін қатаң сынайды.

Қазақстан халықаралық құқық нормаларына сәйкес ғаламдық лаңкестік қаупіне ұжымдық қарсы тұру ісіндегі күш-жігерін қолдайтынын және осы халықаралық зұлымдықпен ымырасыз күресуге дайын екендігін мәлімдейді.

Біз тағы да қаза тапқандардың отбасына, сонымен қатар Ресей халқы мен үкіметіне қайғыра көңілімізді жеткіземіз.

 

 

Қосылған : 17.11.2015, 18:29, Өзгертілген : 17.11.2015, 18:29