Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы румын тілінде жарыққа шықты

БУХАРЕСТ, 2019 жылғы 9 шілде - Елорда күніне орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Елшілігі Румынияның Ұлттық кітапханасында, Тұңғыш Президент Қоры және «Grampet Group» компаниясының қолдауымен румын тілінде басып шығарылған, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Аударманың авторы танымал румын филологы және этнолог Антоанета Олтяну.

Тұсаукесер барысында, Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев: «бұл бірегей кітап еліміздің қалыптасуы тарихымен және Елбасының Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту бойынша ой-пікірімен, сондай-ақ еліміздің заманауи және қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналуына себепші тәуелсіздіктің алғашқы ауыр жылдарында қабылданған маңызды шешімдер жайлы Тұңғыш Президенттің өзінің баяндауымен румын оқырмандарына танысуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Өз тарапынан, Ұлттық кітапхананың Бас директоры Кармен Михаю қазақстандық басылымдардың оқырмандардың арасында үлкен сұранысқа ие екенін, ал іргетасы қалануынан бастап егеменді Қазақстанның құрылуы кезеңдері мазмұндалған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы күмәнсіз румын оқырмандарының ықыласын арттыратынын баса айтты.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау қарсаңында, 2018 жылғы қазанда Елшілік бастамасымен румын тілінде басып шығарылған, ұлы қазақ ақыны және ойшылының «Қара сөздері» атты кітабы румын кітапханасына тапсырылды.

Оған қоса, Румыния Ұлттық кітапханасының қоры танымал мемлекеттік қайраткер және дипломат Нұрлан Онжановтың «Бітімгер: Сирия түйіні» атты кітабымен толықтырылды.


Анықтама: 2018 жылғы 29-30 мамырда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының Бухарестке сапары барысында Қазақстандық әдебиет орталығы ашылып, Ұлттық академиялық кітапхана мен Румыния Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қосылған : 10.07.2019, 09:30, Өзгертілген : 10.07.2019, 09:30