Кидаль қаласында орын алған терроризм актіне қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан 2015 жылғы 28 қарашада Малидің Кидаль қаласында орын алған және БҰҰ бітімгерлерінің қаза табуына әкелген терроризм актісін қатаң және сөзсіз сынайды. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және барлық жарақаттанғандарға тез сауығып кетуін тілейміз. Әлемдік қауымдастықтың террористік ұйымдарға қарсы шаралар қабылдау қажеттігін осыдан бір апта бұрын Мали астанасы Бамакода террористтер қолынан жазықсыз адамдардың қаза болуына соқтырған қайғылы оқиға да райстайды. БҰҰ Қауіпсідік Кеңесінің терроризммен күрес жөніндегі барлық шешімдерін қолдай отырып, Қазақтан халықаралық қауіпсіздік институтының ең басты күштеріне қарсы қылмысы бейбітшілік пен келісім қағидаларына қарсы жасалғаны ретінде түсіну қажет екенін мәлімдейді. Қазақстан осы құбылыспен батыл күресте бүкіл адамзаттың күштерін біріктіруге және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жедел халықаралық терроризмге қарсы тұра алатын әлемдік желі құруға шақырады.

 

Қосылған : 29.11.2015, 12:58, Өзгертілген : 9.12.2015, 13:00