Кеме шетелде сатып алыған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;

өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);

егер көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмаса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының өкілі ұсынады);

көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған олардың көшірмелері;

көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкiлеттігін растайтын құжат; кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;

өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);

консулдық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 7.02.2017, 17:35, Өзгертілген : 8.02.2017, 17:35