Қазақстанның жаңа экспорттық мүмкіндіктері поляк нарығында

2017 жылғы 30 қараша - 2 желтоқсан кезеңінде Варшавада өткен «CTR-2017» атты Польшаның Орталық ауыл шаруашылық көрмесіне Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев бастаған Қазақстандық өкілдік делегациясы қатысты. Қазақстандық тарапын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ, Агротехнологияларды трансферртеу және коммециаландыру орталығы, Қапшағай қаласының әкімдігі, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Expo Group», сондай-ақ басқа 10-нан астам жеке ауылшарауашылық компаниялар өкілет етті (жалпы 26 қатысушы). Аталған сапар 2017 жылғы 6-8 қыркүйекте Польша президенті А.Дуданың Астанаға мемлекеттік сапарының барысында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының қолбасшылары қол жеткізген уағдаластықтарының практикалық іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

CTR-2017 Польшадағы ең ірі аграрлық азық-түлік көрмесі және еуропалық ең маңызды ауылшараушылық саласында көрмелерді бірі болып табылады (алаңы 45 мың шаршы метр, 20-дан астам мүше-мемлекеттер, күнделікті келіп – кетушілердің саны - 30 мың адам).

Көрмеде қазақстандық павильон ұйымдастырылды (200 шаршы метр аумағы бар ең ірі ел павильоны). Павильонда, соның ішінде «AsiaWaters» пен «Баян Сұлу» отандық экспорттық өнімдері ұсынылған болатын. Польшаның Ауыл шаруашылығы және ауыл дамыту министрі К.Юргель Қазақстандық павильонға келіп, ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалады. 2016 жылғы 22 тамызда қол қойылған үкіметаралық келесімінің маңыздылығын атап өтіп, ол табысты тәжірибені, білімді, технологияны қазақстандық нарығына поляк инвестицияларымен бірге тапсыруда қызығушылығын танытты.

Көрме алаңында 120-дан астам поляк және қазақстандық компаниялар мен ауыл шаруашылық ұйымдарының қатысуымен қазақстандық-поляк бизнес-форумы өтті. Оның қорытындыс бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен Польша-Қазақстан ауыл шаруашылық кластері (ауылшаруашылық өнімдерінің бірнеше поляк импортерлерді өкілет етеді) арасында зығыр тұқымын және қыша тұқымын жеткізу туралы келісімге, сондай-ақ «Эко Ферма 2015» Ақтөбелік компаниясы мен «Imago» поляк компаниясы арасында NGS жоғары өнімді технологиясын қолданумен құлпынай өсіру туралы келісімге қолдары қойылды. Қазақстандық делегация мүшелері ірі әлеуетті инвесторлармен және сауда әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ Dawtona, Mlekovita және Biaform компаниялардың заманауи өңдеу кәсіпорындарына барды.

Нәтижесінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Mlekovita, Henryk Kania, Bakoma, Ursus, Dawtona компанияларының және H.J.Heinz концернінің поляк бөлімінің басшыларымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін 2018 жылда Қостанай облысына сапарларын жасау бойынша келісті.

Сапар барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Подлясктік воеводствосына (облысы) барып, оның маршалогы (басшысы) Е.Лешчинскимен, Бялосток қаласының әкімімен және аймақтыңы кәсіпкерлерімен кездесулерді өткізді. аймақаралық ынтымақтастық келісімді жасау және 2018 жылдың көктемінде Қостанай облысына бизнес-миссиясын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстанның көрмеге қатысуы Польша бизнесі мен БАҚ өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырғанын атап өту керек, ол қазақстандық бағыт бойынша ынтымақтастық перспективаларын атап өтті.

Қосылған : 4.12.2017, 15:00, Өзгертілген : 4.12.2017, 15:00