Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

ХАНОЙ, 2019 жылғы 17 маусым – Вьетнамда қабылданған Мемлекеттік протоколдың нормаларына сәйкес Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басшысы Май Фуок Зунгқа өз сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

Тапсыру рәсімінен кейін өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан және Вьетнам арасында қандай-да бір келіспеушіліктердің жоқтығымен және саяси диалогтың жоғарғы деңгейімен сипатталатын достық қатынастар орнатылғанын атап өтті.

"Қазақстан басшылығы барлық салаларда, ең алдымен экономика, сауда және сыртқы саясатта екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар деп есептейді. Қазақстан Елшісі ретінде менің алдымда екіжақты қатынастарды тереңдету және кеңейту міндеті қойылған", - деп ерекше атап өтті Ерлан Байжанов.

Өз кезегінде Мемлекеттік протокол басшысы Вьетнам Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Елшілігінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсететіні, жақын күндері қазақстандық дипломаттың сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен кездесулер ұйымдастырылатыны туралы мәлімдеді.

Қосылған : 17.06.2019, 15:00, Өзгертілген : 17.06.2019, 15:00