Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне арналған марка


Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне арналған

марка айналымға енгізілді

Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» тақырыбында «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясынан пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және «Қазпошта» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков қатысты.

Пошталық марка төрт бояудан тұратын офсеттік баспа ретінде шығарылып, парағы 10 маркадан тұрады. Таралымы – 20 000 дана.

Қосылған : 21.12.2018, 11:15, Өзгертілген : 21.12.2018, 11:15