«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» V байқауына өтінімдер қабылдауашық деп жарияланады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен бірлесе отырып, 5-ші рет өтетін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» жыл сайынғы байқауын ашық деп жариялайды.

4 жыл бойы біз өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, анық және объективті баяндаған және өз материалдарын шетелдік БАҚ-та жариялаған авторларды іріктеп келеміз.

Байқауға қатысуға 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына Сыртқы істер Министрі және Министрдің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Бас редакторлар клубының Президенті кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Өтінімдерді 2018 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде contest@mfa.kz электронды поштасына жолдау қажет.

-Оңтүстік және Солтүстік Америка;

-Еуропа;

-ТМД және Балтық елдері;

-Таяу Шығыс және Африка;

-Азия, Австралия және Океания елдері болып жіктелген географиялық бағыттардан іріктелген 5 жеңімпаз 2018 жылғы тамыз айында Астана, Алматы қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару және ауқымды мәдени бағдарлама кіретін, Қазақстанға сапар түріндегі жүлдеге ие болады.

Бұдан өзге, қазақстандық және шетелдік кәсіби топтардың арасындағы ұзақ мерзімді байланыс және ынтымақтастық құруға жәрдемдесу мақсатында байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен,сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениетқызметкерлеріменкездесулеріұйымдастырылатын болады.

Байқау қорытындылары Елорда күні қарсаңында, ү.ж. 2 шілдеде жарияланады.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК акционерлік қоғамы, «Rixos President Astana», «Rixos Borovoe», «Rixos Almaty» қонақүйлері және «Арғымақ» көлік компаниясы«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»V байқауының серіктестері болып табылады.

Байқаудың халықаралық серіктестері болып Орталық және Шығыс Еуропаның аса ірі лоукостері, 2017 жылы «Будапешт-Астана-Будапешт» әуе бағытын ашқан «Wizzair» әуе компаниясы, сондай-ақ әуе бағыттарының таралымы бойынша дүниежүзі бойынша ең үлкен географиялық аумақты қамтитын «Turkish Airlines» әуе тасымалдаушысы анықталды.

ҚР СІМ аталған серіктестерге байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені және байқау жеңімпаздарының Қазақстанға жайлы сапар шегуі мүмкіндігін ұсынғаныүшін алғыс білдіреді.

Байқауды ұйымдастырған өткен жылдар ішінде шетелдік БАҚ-тардың Қазақстанға, оның мәдениетіне, экономикасы мен халқының өміріне деген қызығушылығының артып келе жатқанына көз жетті және осындай қызығулышықты одан әрі жандандыруда байқау тиімді құрал екендігін көрсетті.

Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

Қосылған : 28.04.2018, 18:25, Өзгертілген : 7.06.2018, 12:00