Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау

«Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

3 (үш) жұмыс күннен аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш (өтініште: капитанның жеке мәліметтері, кеменің аты, капитанның ұлты, капитанның тіркелген порты, кеменің иесі туралы мәліметтер, кеменің жүру бағдары, оқиғаның болған жері, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипаты, жолаушылар саны, теңіз оқиғасының (теңіз авариясының) мәні, теңіз оқиғасының салдары көрсетіледі);

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

3) кеме журналы және одан үзінді көшірме (түпнұсқа);

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Егер оқиға:

1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде;

2) кеме жүзіп келе жатқан кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы өтініш берiледi.

Қызмет көрсетушінің лауазымды адамы теңіздегі наразылық туралы мәлімдемені қабылдағаннан кейін, кеме капитанының өтініші, кеме журналындағы мәліметтер, кеме капитанына және қажет болған жағдайда кеменің басқа экипаж мүшелеріне сауал қою негізінде теңіздегі наразылық туралы акт жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 15.02.2017, 17:50, Өзгертілген : 15.02.2017, 18:50