Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»

мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Веб-сайт:

http://mfa.gov.kz;

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-хат;

2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

4) мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 26.12.2017, 17:50, Өзгертілген : 26.12.2017, 17:50