Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

10 - қосымша

«Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);

кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіруді растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сенімді өкілі береді);

кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін адамның атына сенімхат (түпнұсқа);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымда:

1) жеке тұлғалар – өзінің тегін, атын, әкесінің атын және пошталық адресін көрсетеді;

2) заңды тұлғалар – өзінің аталуын, пошталық адресін, шығыс нөмірін және уақытын көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 77777.

«Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты

Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын

халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны

немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты

Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын

халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны

немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру үшін

алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі

Р/с

Ел

Консулдық алым

1

2

3

1.

Америка Құрама Штаттары

60 АҚШ доллары

2.

Канада

100 АҚШ доллары

3.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

50 ағылшын фунт стерлингі

4.

Бельгия Корольдігі

75 евро

5.

Француз Республикасы

50 евро

6.

Германия Федеративтік Республикасы

90 евро

7.

Аустрия Республикасы

45 евро

8.

Швейцария Конфедерациясы

65 Швейцариялық
франкі

9.

Италия Республикасы

75 евро

10.

Испания Корольдігі

35 евро

11.

Мажарстан

40 евро

12.

Чех Республикасы

40 евро

13.

Литва Республикасы

75 евро

14.

Түркия Республикасы

60 АҚШ доллары

15.

Нидерланды Корольдігі

50 евро

16.

Хорватия Республикасы

75 евро

17.

Грекия Республикасы

40 евро

18.

Румыния

50 евро

19.

Болгария Республикасы

60 евро

20.

Норвегия Корольдігі

44 евро

21.

Мысыр Араб Республикасы

50 АҚШ доллары

22.

Израиль Мемлекеті

30 АҚШ доллары

23.

Біріккен Араб Әмірліктері

60 АҚШ доллары

24.

Сауд Арабиясы Корольдігі

60 АҚШ доллары

25.

Қатар Мемлекеті

60 АҚШ доллары

26.

Иордания Хашимит Корольдігі

60 АҚШ доллары

27.

Иран Ислам Республикасы

60 АҚШ доллары

28.

Пәкістан Ислам Республикасы

60 АҚШ доллары

29.

Ауғанстан Ислам Республикасы

50 АҚШ доллары

30.

Үндістан Республикасы

30 АҚШ доллары

31.

Қытай Халық Республикасы

60 АҚШ доллары

32.

Малайзия

50 АҚШ доллары

33.

Корея Республикасы

45 АҚШ доллары

34.

Жапония

60 АҚШ доллары

35.

Моңғолия

60 АҚШ доллары

36.

Сингапур Республикасы

60 АҚШ доллары

37.

Ливан Республикасы

50 АҚШ доллары

38.

Либия Араб Социалистік ХалықЖамахириясы

50 АҚШ доллары

39.

Таиланд Корольдігі

60 АҚШ доллары

40.

Ресей Федерациясы

60 АҚШ доллары

41.

Украина

50 АҚШ доллары

42.

Беларусь Республикасы

30 АҚШ доллары

43.

Өзбекстан Республикасы

60 АҚШ доллары

44.

Қырғыз Республикасы

60 АҚШ доллары

45.

Түрікменстан

60 АҚШ доллары

46.

Тәжікстан Республикасы

50 АҚШ доллары

47.

Әзербайжан Республикасы

50 АҚШ доллары

48.

Армения Республикасы

60 АҚШ доллары

49.

Оман сұлтандығы

60 АҚШ доллары

50.

Бразилия Федеративтік Республикасы

60 АҚШ доллары

51.

Индонезия Республикасы

50 АҚШ доллары

52.

Финляндия Республикасы

75 евро

53.

Грузия

60 АҚШ доллары

54.

Польша

40 евро

55.

Куба

50 АҚШ доллары

Қосылған : 7.02.2017, 15:15, Өзгертілген : 8.02.2017, 14:30