Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыспен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау

«Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыспен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

ҚР шетелдердегі мекемелері

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

http://mfa.gov.kz;

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

ҚР шетелдердегі мекемелері

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап
3 (үш) айдан аспайды

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) мемлекеттік қызмет берушінің басшысының атына арыз;

2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, белгіленген нысандағы сауалнама;

3) болу елінің құзыретті органдарының тұрақты тұруға берген рұқсаты;

4) 4 х 5 сантиметр көлеміндегі екі фото сурет;

5) ұлттық паспорттың ксерокөшірмесі;

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға қалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелет жасқа толмағанның кетуі сот тәртiбiмен шешiледi.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

жеке адамның паспортына тұрғылықты тұруға рұқсат алу туралы жазбаны енгізу

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 7.02.2017, 17:55, Өзгертілген : 8.02.2017, 17:55