Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

3-қосымша

«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

«В9» және «С1» (Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын тұлғалар үшін) санаттағы визалар үшін – 5 (бес) ай және ұсынылған құжаттарға қосымша зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 (жеті) айға дейін ұзартылады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ресімделген шақыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

1) Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы КонституциялықКеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

5) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына түсіністік қағидаты негізінде келетін шетелдіктерге;

7) өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

8) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

вербалдық нота/ қолдаухат/ ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру (шақырушы тарап виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін хабарлайды);

шет мемлекет азаматының жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

«В4» санаттағы виза үшін (халықаралық автомобильдік тасымалдарды жүзеге асыратын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөліктік құралдардың жүруіне рұқсат беретін құжаттар (рұқсат беру бланкісі);

халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру рұқсатының көшірмесі;

жүргізуші куәлігінің көшірмесі;

көлік құралының құжаттары;

«В5» санаттағы виза үшін (Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтары экипаждарының, поезд бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

жазбаша өтініш және Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар;

«В9» санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш бланкісі;

азаматтығына сай мемлекеттің жазбаша келісімі, дәлел ретінде шығу парақшасы не болмаса шет елге тұрғылықты тұруға шығуға рұқсат берілгенін куәландыратын басқа құжат (егер халықаралық келісімдермен басқа көзделмесе, босқын болып танылған немесе Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдары және Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтарды қоспағанда);

өмірбаян;

2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлемге қабілеттігін растау ережелеріне сәйкес өзінің төлемге қабілетін растау туралы құжат;

азаматтығына жататын және (немесе) тұрғылықты тұратын мемлекеттің құзіретті органымен берілген сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы құжат;

10-нан 16 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға берген нотариалды куәландырылған келісімі;

өтініш берушіге тұруға баспана беру және тұрақты тіркеуге қою туралы жеке немесе заңды адамдардың нотариалды куәландырылған шарты немесе келісімі;

өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген аурулардың жоқтығы туралы анықтама;

«В13» санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

жол жүру құжаттары, ресімделген виза немесе баратын елге кіруге құқық беретін басқа да негіздер;

жеке көлікпен бара жатқан адамның жол жүру құжаттары, ресімделген виза, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар;

«С1» санаттағы виза үшін (тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін этникалық қазақтар) қосымша ұсынылады:

жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазба болмаған кезде өтініш берушінің ұлтын растайтын құжаттар;

басым тәртіппен оралмандарды иммиграциялық квотаға енгізуге құқық беретін құжаттар (болған жағдайда);

өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Тізбеде көрсетілген аурулардың жоқтығы туралы анықтама;

соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжат;

«С2» санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын,
Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ бизнес иммигранттардың отбасы мүшесі болып
табылатын адамдар үшін (кемінде екі жыл мерзім) қосымша ұсынылады:

шақырушы тараптың қолдаухаты (еркін нысанда);

Қазақстан Республикасы азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға рұқсаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

шақырушы адам мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

шақырушы адамның Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген әрбір отбасы мүшесін ай сайын ұстауға арналған ақшасының кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінің болуын растау;

шақырушы адамның Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйінің болуын растау, оның алаңы әрбір отбасы мүшесіне белгіленген ең төмен нормаларға, сондай-ақ санитарлық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормаларға сәйкес келуі тиіс (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

шақырушы адамның отбасының мүшелері үшін медициналық сақтандыру;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қатынасты растайтын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);

отбасының кәмелетке толған мүшелеріне соттылығының болуы не болмауын растайтын құжат;

«С4» санаттағы виза үшін (экономиканың басым салаларында талап етілетін мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан немесе Қазақстан Республикасында жүрген тұлғалар үшін) біліктілік сәйкестігі туралы анықтама қосымша ұсынылады;

«С5» санаттағы виза үшін (бизнес-иммигранттар үшін) қосымша ұсынылады:

еңбек етуге кедергі болатын аурулардың жоқ екендігін растайтын медициналық анықтама;

медициналық сақтандыру;

соттылықтың болуы не болмауы туралы тұрақты тұру немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген анықтамасы;

тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сот шешімі бойынша тыйым салудың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

«С10» санаттағы виза үшін (жеке сапармен бара жатқан этникалық казақтар үшін) ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жадайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген
белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.

Қосылған : 22.09.2017, 17:40, Өзгертілген : 18.05.2018, 10:40