​Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 15 жыл толуына орай Коммюнике

2019 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 15 жыл толады.

Сан-Марино Республикасы басынан бастап Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдіреді.

Қазіргі Қазақстанның тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – елдің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық етуі болды, Сан-Мариноға ЕҚЫҰ СІМК-нің бейресми шарасында Халықаралық істер, көлік және коммуникация Мемлекеттік хатшысы A.Муларони, ал ЕҚЫҰ Саммитінде Білім, мәдениет және жастар саясаты жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Р.Морри өкілдік етті.

Экономикалық саладағы қатынастар да дәйекті түрде дамып келеді. Сан-Марино басшылығы Қазақстанды сан-марино қызметтері мен тауарлардың әлеуетті өткізу нарығы және сыртқы экономикалық қызметті әртараптандыруды қамтамасыз етуге қабілетті белсенді экономикалық серіктес ретінде қарастырады. Сан-Марино экономикасының кішігірім көлеміне қарамастан, елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 1,508 млн. АҚШ долл. құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 41 %-ға артып отыр (1,069 млн. АҚШ долл.). Бұған Сан-Мариноның Өнеркәсіп және сауда Мемлекеттік хатшысы М.Ардзилли және Туризм Мемлекеттік хатшысы Т.Лонфернини бастаған сан-маринолық делегациялардың Қазақстанға сапарлары ықпал етті.

Сан-Мариномен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі, себебі бұл сала түрлі іс-шаралармен – фестивальдар және көрмелермен жылдан-жылға баи түсуде.

Қазақстан мен Сан-Марино БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. халықаралық ұйымдар шеңберінде іс-әрекет етеді. Сан-Марино тарапы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне, Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу жөніндегі конвенцияларына Қазақстанның қосылуына қолдау көрсетеді.

Сан-Марино Ғылыми-технологиялық паркінің итальян ұлттық павильонының аясындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жұмысына белсенді қатысуы қазақстан-сан-марино қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын елеулі оқиға болды.

Қазақстан Сан-Мариномен екіжақты қарым-қатынастардың бағыттарын одан әрі нығайтуға ниетті.

Қосылған : 14.04.2019, 16:30, Өзгертілген : 14.04.2019, 16:30