Қазақстан Нигер Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2017 жыл – Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты.

Тиісті бірлескен коммюникеге екі елдің сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ибрагим Якубу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында қол қойды.

Нигер Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 183-ші мемлекеті болды.

Қосылған : 22.09.2017, 15:00, Өзгертілген : 22.09.2017, 15:00