​Қазақстан мен Иранның сыртқы істер министрлерінің басшылары ШЫҰ саммиті қарсаңында кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Иранның сыртқы саясат мекемесінің басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Иран бұл ұйымда бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие.

Қ.Әбдірахманов ирандық әріптесіне ү.ж. 7 маусымда Тегеранда орын алған террористік акті құрбандарына байланысты көңіл айтты. «Мұндай варварлық шабуыл терроризмге қарсы күресте күш-жігер біріктіру қажеттігін тағы бір мәрте баршамыздың қаперімізге салды», - деп атап өтті қазақ министрі.

Сыртқы саясат мекемелерінің басшылары 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығының ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитіне дайындық, сондай-ақ Астана үдерісі шеңберіндегі сирия дағдарысын реттеуге бірлескен дипломатиялық күш-жігер мәселелерін қарастырды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын әзірлеу барысы талқыланды.

М. Джавад Зариф атап өткеніндей, Иран Қазақстанмен екіжақты, сондай-ақ көпжақты деңгейлерде көпқырлы әріптестікті нығайтуға бейілді. Оның сөзіне қарағанда, Тегеран Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам әлеміндегі бітімгершілік бастамаларын, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалайды. Дипломат Астананы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің ашылуымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз қызметі

Сообщение для СМИ

Астана, 8 июня 2017 г.

Главы МИД Казахстана и Ирана провели встречу

накануне саммита ШОС

Министр иностранных дел Казахстана Кайрат Абдрахманов встретился с Министром иностранных дел Ирана Мохаммадом Джавадом Зарифом. Глава иранского МИД прибыл в Астану для участия в саммите Шанхайской организации сотрудничества, в которой Иран обладает статусом государства-наблюдателя.

К.Абдрахманов выразил соболезнования иранскому коллеге в связи с террористическим актом в Тегеране 7 июня. «Эта варварская атака еще раз напомнила всем нам о необходимости объединения усилий в борьбе с терроризмом», - отметил казахстанский министр.

Главы внешнеполитических ведомств рассмотрели вопросы подготовки к первому саммиту Организации исламского сотрудничества по науке и технологиям в Астане 10-11 сентября, а также совместные дипломатические усилия по урегулированию сирийского кризиса в рамках Астанинского процесса. Обсужден ход подготовки проекта Конвенции о правовом статусе Каспийского моря.

Как отметил М. Джавад Зариф, Иран привержен укреплению многопланового партнерства с Казахстаном как на двустороннем, так и многостороннем уровнях. По его словам, в Тегеране высоко ценят миротворческие инициативы Президента Нурсултана Назарбаева в исламском мире, а также роль Казахстана в переговорах по иранской ядерной программе. Дипломат поздравил Астану с предстоящим открытием Международной выставки «ЭКСПО-2017».

Қосылған : 9.06.2017, 07:25, Өзгертілген : 9.06.2017, 07:25