Қазақстан мен Албания арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаруға кірісіп, албан Үкіметі өкілдерімен және бизнес қауымдастығы бірлестіктерімен келіссөздер жүргізді.

А. Сапарбекұлы Албания Президенті Илир Метаға сенім грамоталарын табыстағаннан кейін, Албанияның Сыртқы істер министрі Дитмир Бушатимен, Ауыл шаруашылығы және ауылдарды дамыту министрі Нико Пелешимен, Албанияның астанасы Тирана қаласының мэры Ержон Велиажбен, сонымен қатар Албанияның Сауда және өнеркәсіп палатасының Төрағасы Николин Жакамен кездесті.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және өзара инвестициялық мүмкіндіктер бойынша пікір алмасылды. Тараптар Қазақстан мен Албанияның шығыс және батыс нарықтарының түйісу жолында өзіндік рөл ойнай алатынына назар аударды. Екі ел арасындағы, сондай-ақ өңірлердің сауда-саттығы бойынша ынтымақтастықты көтеру келісілді.

Қазақстан мен Албания арасында бірлескен экономикалық комиссиялар және сарапшылар деңгейіндегі келіссөздердің нығаюы бойынша жоспарлар құрылды.

Екі мемлекет сыртқы істер министрліктері арасында консультациялардың ұйымдастырылуының қажеттілігі аталып, екіжақты келісім-құқықтық базаның жетілдірілуі және визалық мәселелер бойынша ынтымақтастық бағдары қолға алынды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Қазақстан бидайының Албанияға экспорты, сонымен қатар саланың түрлі бағыттарындағы тәжірибе алмасу туралы келісілді.

Албандық Сауда және өнеркәсіп палатасының Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатысымен байланыстарын орнату мен нығайту бойынша пікір алмасылды. Бұл мақсатпен бизнес делегацияларының өзара сапарлармен алмасу бойынша жоспарлар жасалды.

Тирана қаласының мэры екі ел бас қалалары арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының қажеттілігі бойынша ұсыныс жасады.

Жалпы албан тарапы Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастығын көтеруге ниеттілігін білдіре отырып, тығыз ынтымақтастыққа мүдделілігін танытты.

Қосылған : 4.11.2017, 11:00, Өзгертілген : 4.11.2017, 11:00