«Қазақстан Камератасы» оркестрі Нидерландта үлкен табыспен өнер көрсетті

29 қарашада Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде Нидерландтың астанасы Гаага қаласында Қазақстан халық әртісі Гаухар Мұрзабекова басқаратын «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті өтті.

Концерттің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында серпінің өсуінің атап өтті. Атап айтқанда, халықаралық күн тәртібінің мәселелерінің көбі бойынша ұқсасұстанымдар болып, 2018 жылда екі мемлекет БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде белсенді өзара әрекеттестікке дайындық білдіріп отыр.

Музыкалық кешті Құрманғазының «Балбырауын» күйі ашты. Одан әрі аңызға айналған «The Beatles» ағылшын тобының атақты туындыларды Қазақстан оркестрінің классикалық мәнерде орындалды. Концерт аяқталғаннан кейін, көрермендер қазақстандық әртістерді ду қол шапалақтармен марапаттады. Концерттік залдың дәліздерінде қонақтар бір-бірімен кештен алған керемет әсерлеріменен бөлісті.

Тыңдармандар арасында халықаралық ұйымдардың басшылары, Нидерланд Парламентінің мүшелері, дипломатиялық миссиялардыңбасшылары, нидерландтық ірі компаниялар мен банктердің басшылығы, Бенилюкс мемлекеттерінің зиялықауымының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық диаспора және Нидерландта оқып жатқан көптеген студенттер болды.

Нидерланд Сыртқы істерминистрлігіЕуропа департаментінің директоры Дафне Бергсма: «...Бүгінбіз «Қазақстан Камератасы» әртістері орындаған әлемдік классикалық және қазақ ұлттық әуендерінің жауһарларының тамаша орындалуына куә болдық. Әртістер бізге аса жоғары кәсіби шеберліктері мен ұмытылмас өнер кешін сыйлады»,- деп атап өтті.

«KB Enterprises» холдинг басшысының Гербен Пектың айтуынша: «Бүгінгі концерт Қазақстан халқының дарындылығын көрсетіп, әртүрлі музыкалық жанрларда орындалған жоғары шеберлікті көру және есту мен үшін үлкен мәртебе деп санаймын».

Қосылған : 4.12.2017, 18:05, Өзгертілген : 4.12.2017, 18:05