Қазақстан Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшесі болып аталды

14 маусымда Қазақстан Республикасының Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына қосылу салтанаты өтті. Қазақстан Республикасының Елшісі Мағжан Ілиясов Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Гаага Конференциясының Жарлығын қабылдайтын қосылу инструментін салтанатты түрде табыс етті. Сәйкесінше Заң осы жыл мамыр айында Қазақстанның Парламентімен қабылданды.

Конференцияның Бас хатшысы Кристоф Бернаскони Қазақстан Республикасын Гаага конференциясының 83-ші мүшесі ретінде жариялап, алғашқы конференциясы 1893 жылы өткен көне халықаралық заң ұйымына Қазақстанның қатысу маңыздылығын мәлімдеді.

Қазақстанның Гаага конференциясына мүше болудың артықшылығын бірі сыртқы экономикалық қызмет және отбасы құқығы және басқа да кең ауқымды сұрақтар бойынша шет елдердегі азаматтар мен заң тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін тиімді түрде қорғау болып табылады.

Ұйымның басты мақсаты халықаралық құқық нормаларын бірегейлендіру болып табылады. Атап айтқанда, түрлі мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары арасында бірыңғай қарым-қатынас жүйесін орнату, бір мемлекет азаматының екінші мемлекеттегі құқықтарын қорғау, ұлттық заңнаманың және юрисдикцияның жанжал мәселелерін шешу және де трансшекаралық қатынастырды заңдастырудың басқа да аспектілері.

Бүгінгі таңда Конференцияға 81 мемлекет және бір халықаралық ұйым – Еуропалық одақ мүше.

Қосылған : 15.06.2017, 09:50, Өзгертілген : 15.06.2017, 09:55