Қазақстан Елшісі Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасымен кездесті

2019 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Т.Рүстемов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Л.Кевермен кездесті. Кездесуде 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Төртінші кеңесінің жұмысына қатысу үшін Мажарстан Парламенті басшысының алдағы Қазақстанға сапары тұрғысында парламентаралық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар тараптар халықаралық ұйымдар: Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі, Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясы мен Еуропалық Парламент шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселесіне де тоқталды.   

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан әріптестігінің стратегиялық деңгейіне негізделген екіжақты қарым-қатынастың оң динамикасы байқалды. 

Қосылған : 9.09.2019, 20:30, Өзгертілген : 9.09.2019, 20:30