Қазақстан делегациясы Бүкіләлемдік Кеден Одағы Саяси комиссиясының 78-ші сессиясына қатысты

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Госман Амриннің жетекшілігіндегі қазақстандық делегация 2017 жылғы 4-6 желтоқсанда Мысырдың Луксор қаласында өткен Бүкіләлемдік Кеден Одағы (БКО) Саяси комиссиясының 78-ші сессиясына қатысты.

Аталған іс-шараға БКО Бас хатшысы, 24 кеден қызметтерінің басшылары, Мысырдың Қаржы министрі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

БКО Бас хатшысы Кунио Микурия өз баяндамысында террористік шабуылдардың жиі орын алуына байланысты кеден органдарының рөлі арта түсті. Кеден мекемелеріне шекарадан адамдар мен тауарлардың өтуін бақылау жүктеліп отыр.

Анықтама: Саяси комиссия 1978 жылы құрылған. Оның құрамына ең белсенді 24 мүше мемлекет аймақтық негізде 2 жыл мерзімге сайланады. Бұл орган кеден саласында халықаралық конвенциялар мен басқа да құжаттарды дайындау, енгізу және жаңарту сияқты әлемдік кеден жүйесінің жұмыс істеуінің және оны дамытудың маңызды мәселелерін қарастырады.
Қазақстан БКО стратегиялық жоспарлау мәселелерін талқылау және жұмысының басымдықтарын анықтау кезінде барлық ТМД елдерінің, «Шығыс» шағын аймағының мүдделеріне өкілдік етіп қорғайды.
Қазақстан Саяси комиссияға тұңғыш рет 2005 жылы мүше болып сайланған.

Қосылған : 4.12.2017, 18:10, Өзгертілген : 4.12.2017, 18:10