Швейцарияның Seedstars компаниясы Қазақстанмен инновация саласында ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

ЖЕНЕВА, 2019 жылғы 8 сәуір - Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің қолдауымен Seedstars швейцар компаниясының негізін қалаушысы Майкл Вебермен кездесті.

Кездесу барысында М. Вебер компанияның 2019 жылға арналған негізгі жоспарлары туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айында "Seedspace Astana" қалалық инновациялық алаңын ашу және жыл соңында Нұр-сұлтан қаласында Seedstars өңірлік саммитін өткізу туралы жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, "Astana Innovation" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев "Seedspace Astana" қалалық инновациялық алаңының ашылуы қала және аймақ жастарына елорданың сыртына шықпай-ақ халықаралық кәсіпкерлік экожүйесінің қатысушысы болуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Қазақстандық мамандар Seedspace Astana алаңында инновация саласындағы алдыңғы қатарлы үрдістермен таныса алады, менторлардың, консультанттардың, техникалық мамандардың ғаламдық желісі туралы ақпарат алады, сондай-ақ инвестицияларға қол жеткізе алады. Seedspace Astana алаңы аясында 61 жұмыс орнына 23 кеңсені, сондай-ақ 81 адамға арналған жеке конференц-залды жабдықтау жоспарлануда.

Қосылған : 8.04.2019, 18:00, Өзгертілген : 8.04.2019, 18:00