Қазақ орындаушысы Варшавада өткен Анна Германның әндеріне арналған 4-Халықаралық фестиваліне қатысты

6 қарашада Арнольд Шифман атындағы Польша Ұлттық театрының сахнасында Анна Германның әндеріне арналған 4-ші Халықаралық фестивалі өтті. Қазақстанды жас әнші Әли Көптілеу ұсынды. Аталған іс-шараға Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан және Италияның өкілдері қатысты. Фестиваль барысында орындаушыларға поляк армиясының симфониялық оркестрі музыкалық сүйемелдеуін жасады.

Осы халықаралық іс-шараның басты мақсаты мен миссиясы - поляк музыка сахнасының көрнекті өкілі А. Германның жұмыстарымен таныстыру және оларды дәріптеу, сондай-ақ жас орындаушыларға қолғабыс көрсету. Фестиваль барысында А. Германның шығармалары дәстүрлі және қазіргі заманғы интерпретациялар мен аранжировка жасап айтылды.

Фестиваль Польша Республикасының Мәдениет және ұлттық мұра министрлігінің, сондай-ақ Еуропалық парламентінің вице-президенті Ришард Чарнецкидың құрметті қамқорлығымен өтті.

Қосылған : 7.11.2017, 20:25, Өзгертілген : 7.11.2017, 21:25