​Астанада Қазақстан-Америка арасындағы ынтымақтастық талқыланды

АСТАНА, 2018 жылғы 10-11 желтоқсан - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің Бірінші орынбасары Элис Уэллстың Қазақстанға сапар барысында, ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан-АҚШ жоғары деңгейдегі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы Асқар Маминмен және ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесулері болып өтті.

Келіссөздер барысында Э. Уэллс АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына едіміздің алдағы Тәуелсіздік күніне орай құттықтауын табыс етті. Америкалық делегацияның басшысы Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысы бойынша жоғары деңгейде келісілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда «жақсы прогресске» қол жеткізілгенін атап өтті. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі қазақстандық тарапты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне екі жылдық мүшелігінің табысты қорытындыларымен құттықтады.

11 желтоқсанда Э. Уэллс Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік комиссиясының (КСӘК) кезекті шолу отырысына тең төрағасы ретінде қатысты. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев кездесуге тең төрағалық етті.

Екіжақты комиссияның негізгі мақсаты 2018 жылы екі тараптың бірлескен жұмысын қорытындылау және 2018 жылы екі жақты кездесулердің кестесін қоса алғанда, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтудің болашағын анықтау болды.

Іс-шара күн тәртібінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес, соның ішінде терроризмге, есірткі айналымына, ақшаны жылыстатуға, киберқылмысқа, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, Орталық Азиядағы аймақтық сауда қатынастарын нығайту, атап айтқанда, сауда және инвестициялар туралы негіздемелік келісім, халықаралық сауда ұйымдары аясындағы адами және гуманитарлық өлшемдердегі ынтымақтастық жөніндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды.лғанда Орталық Азиямен тығыз және тұрақты қарым-қатынаста болуға ниетті екендігін атап өтті.

КСӘК жұмысының негізгі бағыты 2018 жылдың қаңтарында өткен Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талқылау болды. Бірлескен комиссияның қатысушылары қазақстандық экономиканы әртараптандыру шеңберінде іскерлік әріптестікті одан әрі тереңдетудің маңыздылығын, атап айтқанда, цифрландыруды, аэроғарыш саласын, ауыл шаруашылық өндірістік кешенін, денсаулық сақтауды, қаржы салаларын, соның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамытуды атап өтті.

Тараптар АҚШ-тың Бас преференция жүйесін кеңейту мүмкіндігін қарастырды, бұл өз кезегінде қазақстандық экспорттаушылардың АҚШ-қа жеткізілім көлемін арттыратын болады. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі екі жақты Комиссияның жұмысын жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында, сондай-ақ Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жұмыс туралы мәселеде тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Мәдени-гуманитарлық тұрғыда америкалық тарап Мемлекет басшысының Қазақстандағы үштілділікті ілгерілету жөніндегі бастамасын жүзеге асыруда ағылшын тілінің мұғалімдерін жіберіп, елімізде тиісті курстарды ұйымдастыруға көмектесуге дайын екендігін білдірді.

Ол БҰҰ-ның аясындағы Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясын «Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлін тағы да айғақтайтын маңызды қадам» ретінде бағалады. Э. Уэллс Вашингтон Астанамен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтындығын, Қазақстанмен және тұтастай алғанда Орталық Азиямен тығыз және тұрақты қарым-қатынаста болуға ниетті екендігін атап өтті.


Қосылған : 11.12.2018, 19:15, Өзгертілген : 11.12.2018, 19:15