Қазақстан делегациясы Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл процессі елдерінің VII министрлік конференциясына қатысты

1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов бастаған Қазақстан делегациясы Бакуда өткен Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл процесінің VII министрлік конференциясына қатысты.

Конференцияны Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани ашты.

А. Камалдинов өз кезегінде сөйлеген сөзінде Астана екіжақты және көпжақты форматтарда Ауғанстанның жағдайын тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерге әрі қарай белсенді ықпалдастығын жалғастыратынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, өңірлік ынтымақтастықты әрі қарай ілгері жалғастыру Ауғанстанның аумағынан өңірдегі қауіпсіздікке, соның ішінде террористік пен есірткі тасымалдау қатерлері төнбейтін тұрақты мемлекет ретінде қалыптасуына септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қатысушыларды Қазақстанның 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы барысында жұмыстың басымдықтары туралы ақпараттандырды.

Конференция қорытындысы бойынша өңірдегі жобаларды жүзеге асыруға және сындар мен қауіп-қатерлерді жоюға бағытталған ынтымақтастықтың одан әрі даму жолдарын айқындалған Баку декларациясы қабылданды.

Қосылған : 2.12.2017, 17:10, Өзгертілген : 2.12.2017, 17:10