Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне арналған аустриялық ЕҚЫҰ төрағалығының баспасөз брифингіне қатысты

2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко аустриялық ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне арналған брифингке қатысты.

Кездесу басында ЕҚЫҰ төрағасы, Аустрия Республикасының Сыртқы істер министрі Себастьян Курц Ұйымның қызметі туралы әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық үш өлшемдері бойынша баяндама жасады.

Р. Василенко кездесуде қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Астана декларациясында баяндалған, 2010 жылғы Саммит шешімі бойынша ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының келісімдерін еске сала: «Біздің барлық бірлескен күшімізге қарамастан, біз әлі күнге дейін негізгі мақсаттарды орындау мен Ұйымның басты құжаттарының үмітінен алыспыз», - деп қорытындылады.

Сөз сөйлеуші, Ұйымның басты назарында қалуы тиіс нөлдік сомадан барлығына пайда әкелетін ойыннан жалтару тәжірибесін енгізе отырып, ЕҚЫҰ қауіпсіздігі Еуразиялық бағытының артықшылықтарын атап өтті. Және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, радикализм мен ұлтшылдықтың өсуі, пандемия, экономикалық турбуленттілік, ядролық материалдардың таралуы және босқындардың теңдессіз санынан келетін қатерлерді еңсеру қажет екенін айтты.

Қазақстан делегациясының басшысы, осы қауіп-қатерлерге байыпты жауап қайтару үшін, Қазақстанның аустриялық төрағалық пен басқа серіктестердің ықпалын, жиі қолданылатын қарапайым қаруларға бақылауды күшейту және Вена құжатын жаңғырту арқылы қолдайтынын және қолдау көрсету жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті. ЕҚЫҰ нәтижелерін жақсарту үшін ұсыныс ретінде баяндамашы бірқатар ұсыныстар енгізді: ЕҚҰЫ, ең алдымен, тиімді басқару саласын, құқық, институционалдық дамыту және жаңа саяси мәдениетті жүзеге асыру үшін, өтпелі экономикасы бар елдермен ынтымақтастықты жалғастыруы қажет. БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге атсалысу ынтымақтастығы маңызды болып табылады, әсіресе кедейшілік пен климаттың өзгеруіне қарсы күрес сияқты табысты ынтымақтастықтың ұзақ тарихы бар. Қазақстан толығымен Аустрия төрағалығының басымдықтарымен ортақ және Қазақстан өкілінің ЕҚЫҰ Экономика-экология комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіреді.

Бұл шешім 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрменің шеңберінде жоспарланып отырған ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық форумы мен Қазақстанның «жасыл экономика» саласындағы жұмысына байланысты маңызды.

Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен күресте Қазақстан ЕҚЫҰ-мен, соның ішінде Бейбітшілікті қолдау операциялары жөніндегі БҰҰ басқармасы мен есірткі және қылмыс сонымен қатар адам саудасына қарсы күрес, ядролық, химиялық және биологиялық қару-жарақты таратпау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының офистерімен әріптестікті тереңдету қажет деп санайды.

Р. Василенко сондай-ақ, Ауғанстанмен шекара периметрінде қауіпсіздікті нығайту маңыздылығын арттыру үшін жаңа сауда және көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысу шеңберінде минисрдің орынбасары С.Курцпен және ЕҚЫҰ Бас хатшысы Л.Заньермен кездесіп, алдағы мерзімге Қазақстан мен Ұйымның арасындағы ынтымақтастықтың мақсаттары мен басымдықтары туралы пікір алмасты.

Қосылған : 23.02.2017, 18:35, Өзгертілген : 23.02.2017, 19:50