Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс бойынша консультацияларына қатысты

АСТАНА, 2017 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.

Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰжанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес шиеленістерді бейбіт, адал және берік жолмен реттеу үшін тараптарды келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.

Мәлімдемеде Израиль және Палестина көшбасшылары екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін және Палестиналықтардың ажырамас мемлекеттілік құқықтары және Израильдің қауіпсіздік құқықтары негізінде бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын нығайтатын нақты қадамдарды қабылдау қажеттілігі көрсетілді.

Қазақстан Палестина және Израиль тараптарын «екі халық үшін екі мемлекет» қағидасы бойынша тарихи бейбіт келісім жолында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қарым-қатынастарын нығайту арқылы саяси ерікті көрсетуге шақырды. Соның ішінде БҰҰ «екінші тірегі» болып табылатын даму саласындағы сенімгерлік шараларын ілгерілету арқылы.

Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс «квартетінің» (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.

Қосылған : 26.09.2017, 15:00, Өзгертілген : 26.09.2017, 15:00