Қазақстан Беларусьтің ДСҰ-ға қосылу үдерісіндегі прогресті қолдайды

2017 ж. 13 қыркүйекте Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдардағы Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова Беларусьтің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі жұмыс тобының 9-шы отырысына қатысты. 12 қыркүйекте Беларусьтің ДСҰ-ға кіруі аясында ауыл шаруашылыққа қатысты көпжақты кездесу өтті.

Қазақстан Беларусь Республикасының ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Жұмыс тобына 47 ел кіреді. Оны ДСҰ-дағы Түркияның Тұрақты өкілі, Елші Кемаль Маденоглу басқарады.

Елші Ж. Айтжанова өз сөзінде БеларустіңСыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко бастаған делегацияны қоштап, аталған елдің ДСҰ-ға кіруіне Қазақстанның толық қолдауын білдірді.

Отандық дипломат Беларусь Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бола отырып, ДСҰ келісімдерінің нормаларын іс жүзінде орындап отырғанын атап өтті. Елші Ж. Айтжанова Минсктің ДСҰ-ға кіруі шеңберінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату үшін өткізген реформалардың арқасында 2017 жылғы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде Беларусь 37-орынға ие болғанын атап өтті.

Сессия барысында Беларусьтың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының баяндамасының бірінші жобасы негізінде Минсктің сауда саясаты қарастырылды. ДСҰ-ға мүше-мемлекеттерге ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Беларусьте жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат таратылды.

Беларусь делегациясының басшысы кездесуге қатысушыларды ДСҰ-ға мүше 14 елдермен тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу туралы екіжақты келіссөздердің аяқталуы жайында хабардар етіп, 11-ші ДСҰ Министрлер конференциясы аясында мүдделі сауда әріптестерімен белсенді жұмысты жалғастыруға ниетін білдірді.

Қосылған : 15.09.2017, 19:10, Өзгертілген : 15.09.2017, 19:10