Қазақстан Куала-Лумпурда өткен "MATTA FAIR 2019" халықаралық туристік көрмесіне қатысты

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019 жылғы 6-8 қыркүйегінде жыл сайынғы «MATTA Fair 2019» көрмесіне қазақстандық экспозицияны ұсынды. Туризм және саяхат саласындағы өңірдегі ең ірі жәрмеңкелердің бірі болып табылатын бұл шараны Малайзияның турагенттер қауымдастығы – «Malaysian Association of Tour and Travel Agents» 28 жыл бойы өткізуде. 

Қазақстандық стендтің тақырыбы бұрын «ITB Berlin», «MITT Moscow» және басқа да орындарда үлкен қызығушылық тудырған «Ethnic food» тұжырымдамасымен үйлескен қысқы туризм болды. Алатаудың қысқы шыңдары аясында қазақтың дәмді тағамдары, тәттілер мен жеңіл тағамдар, айран, өрік және алма негізіндегі коктейльдер жергілікті көрермендердің назарынан тыс қалған жоқ. Келушілер жылқы еті мен айранның етінен дәм татып қана қоймай, сонымен қатар ұлттық киімде суретке түсіп, «Шымбұлақ» курортының виртуалды шынайылығына батты. Қазақстан туризмінің бірінші Елшісі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін ұлттық стендте көру ерекше қуанышты болды.

Мәдени бағдарламамен қатар, қазақстандық делегация Малайзияның Туризм, мәдениет және өнер министрлігінің әртүрлі департаменттерінің әріптестерімен, сондай-ақ қауымдастықтармен және іскер топ өкілдерімен нәтижелі кездесулер өткізді. Лангкави аралын дамыту Әкімшілігімен (Langkawi Development Authority – LADA), Малайзия Туризм, мәдениет және өнер министрлігі жанындағы «MATEX» агенттігімен, сондай-ақ Малайзияның шаңғы спорты қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар инвестицияларды тарту және ерекше туристік аумақтарды (LADA) басқару саласындағы тәжірибе алмасу және оқыту, ынтымақтастықты дамыту, дестинацияларды өзара ілгерілету және сертификаттау жүйесін (МАТЕХ) дамыту, сондай-ақ қазақстандық тау шаңғысы туризмін Малайзияның белсенді демалудын әуесқойлары мен спортшылары арасында танымал ету туралы келісті.

Халал индустриясы әлемдегі танымал болып келуде, ал Малайзия халал туризмін дамыту бойынша 130 елдің ішінде бірінші орында (Қазақстан бұл тізімде 24-ші орында). 2026 жылға қарай әлем бойынша саяхаттайтын мұсылмандардың саны 230 миллионға жетеді (2018 жылы - 140 мың). Малайзия Туризм, мәдениет және өнер министрлігі жанындағы Ислам туристік орталығы қазақстандық туристік объектілер үшін арнайы тренингтер, сондай-ақ «Muslim Friendliness» (ислам елдерінен туристерді қабылдауға дайын) бойынша қонақ үйлер мен мейрамханаларды сертификаттауды өткізеді.

Сондай-ақ Малайзиядағы «Kazakh Tourism» аналогымен, "Tourism Malaysia" компаниясымен қазақстандық турөнімді өтеусіз негізде ілгерілету бойынша іс-шараларды өткізу үшін Куала-Лумпурдың визит-орталығының алаңдарын бірлесіп ілгерілету және пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.

Көрме ұйымдастырушылары – «МАТТА Қауымдастығы», Қазақстанның аталмыш іс-шараға қатысуын жоғары бағалады және жақын арада қысқы туризмнің мүмкіндіктерін зерттеу үшін туроператорлар тобын ҚР-ға жіберуге дайын екендігін хабарлады.

«Қазақстанның біздің елден туристерді тарту үшін барлық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, біз сіздерден келетін қонақтардың да санын арттыруға үміттенеміз. Туристермен өзара тиімді алмасу үшін елдер арасындағы рейстер санын арттыру және баға саясатын дұрыс құру қажет. Мысалы, Малайзияның ұлттық тасымалдаушысы шетелдік туроператорларға субсидия береді. Мұндай шаралар Қазақстанға туристік ағымды көбейтуге көмектеседі деп сенемін - «Tourism Malaysia» басшысы Датук Юсуф атап өтті.

«Стенд тақырыбы өте дұрыс таңдалған. Туристерге қар шыңдарын көру әдеттен тыс сондықтан олар суретке түсіру үшін және елдеріңіз туралы көбірек білу мақсатпен міндетті түрде тоқтайды. 

Қазақстан Малайзияда және Ислам ынтымақтастығы ұйымының басқа да елдерінде өзін белсенді түрде ілгерілету керек. Мен Қазақстанда екі рет болдым және сіздердің астаналарыңыз бен Алматының тау шыңдары, Медеу мұз айдыны мен Шымбұлакпен таң қалдым» - деді «МАТТА» Вице-президенті Мохд Акил Бин Юсуф. 

2018 жылдың қазан айында Алматыда өткен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің инаугурациялық мәжілісі шеңберінде «Kazakh Tourism» мен «MATTA» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Қазақстанның MATTA көрмесіне қатысуы еліміздің туристік әлеуетін арттыру жұмысындағы қадамы болды. Бұған дейін аталған меморандум аясында ҚР Куала-Лумпурдағы Елшілігі Түркістан және Алматы облыстарының делегацияларына өңірлердің туризмін ілгерілетуіне көмек көрсетті.

2019 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Нұр Сұлтан қаласында Азия-Тынық мұхиты аймағының ең ірі «PTM 2019» көрмесі өтеді. Көрме аясында елге 1000-ға жуық делегат келеді, олардың ішінде Малайзиядан 30-дан астам туристік фирмалар.

Қосылған : 9.09.2019, 18:00, Өзгертілген : 9.09.2019, 18:00