Қазақстан «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көліктік дәлізі шығыс тарауының әлеуетін таныстырды

2018 жылы 31 қазанда Нью-Дели қаласында «Қазақстан - Түрікменстан - Иран – Үндістан. Қазіргі жағдай және перспективалар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны Қазақстанның Елшілігі мен Үнді Экспедиторлар Ассоциациялары Федерациясы және «ҚТЖ Экспресс» АҚ-мен бірлесіп Үндістан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты Солтүстік-Оңтүстік транзиттік дәлізінің шығыс тарауының логистикалық мүмкіндіктері туралы үнді бизнес қауымдастығын ақпараттандыру және Үндістанның іскер топтарын осы бағытты кеңінен қолдануға тарту.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды, сонымен қатар хинди және ағылшын тілдерінде дайындалған брошюралар ұсынды. Ол Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы шығыс тармағының жоғары әлеуетін талдап, үнді бизнес-қоғамдастықты кеңінен қолдануға шақырды.

Өз сөзінде «ҚТЖ Экспресс» АҚ-ның Президенті Диас Искаков осы бағыттың мүмкіндіктері және оны пайдалану бойынша Қазақстанның тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Үндістанның мемлекеттік және жеке құрылымдарының қатысуымен сөйлеген сөздері мен пікірталастары өткізілді.

Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, Мумбаи теңіз порты, Үндістанның сауда-өнеркәсіптік қауымдастығы, Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы, импорттаушылар палатасы, көлік, логистика, бизнес компаниялар және т.б. өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

«Дөңгелек үстел» нятижесінде «KTZ Express» АҚ және ірі үнді логистикалық «Tuberose Logistics» логистикалық компаниясы арасында темір жол көлігі және экспедиторлық қызмет көрсету туралы Келісімге қол қою рәсімі өтті. Қол қойылған құжат тараптардың перспективалық ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдар жасауды көздейді. Тараптар 2019 жылдың басында Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Үндістан бағыты бойынша жүк пилоттық жеткізілімін жүзеге асыруға келісті.

«Дөңгелек үстел» Үндістанның бизнес және үкіметтік топтарына үлкен қызығушылық тудырды.

Қатысушылардың айтуынша, бұл көлік бағытының кеңінен қолданылуы жүктерді жеткізу уақытын едәуір қысқартады және екі ел арасындағы тауар айналымын екі-үш есе ұлғайтады деп күтулуде.

Қосылған : 2.11.2018, 12:05, Өзгертілген : 2.11.2018, 12:05