​Қазақстан және БҰҰ дамушы елдерге көмек көрсетуін жалғастырады

14 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жақында тағайындалған БҰҰ Бас хатшының орынбасарымен дамуы артта қалған елдер, дамушы елдер, теңізге шыға алмайтын, және шағын аралдағы дамушы елдер бойынша Фекитамоелоа Утоикаманумен кездесу өткізді.

Сұхбаттасушылар Қазақстанның бастамасымен болған
2004-2014 жылдарға арналған теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін Алматылық іс-қимыл бағдарламасының және 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасының халықаралық ынтымақтастықтағы елеулі үлесін атап өтті.

Дамыту саласында көмек көрсетудің өзара іс-қимыл мәселері талқыланды. Қазақстан алушы-елдер санатынан донор-елдер санына көшті және кездесу уақытында соңғы жылдары дамушы елдерге, түрлі континенттердегі, тынық мұхитының арал мемлекеттеріне және Кариб бассейн елдеріне айтарлықтай көмек көрсететіні белгіленді.

Қазақстанның БҰҰ және Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия мен Еуропалық экономикалық комиссиясы жетекшілейтін SPECA (Орталық Азия үшін арнайы экономикалық бағдарламасы) бағдарламасының жұмысын күшейту ниеті расталды.

Сонымен қатар сұхбат барысында тараптар Астанадағы 11-14 маусымда «ЭКСПО-2017» шеңберінде өткен Орнықты дамыту үшін энергетика жөніндегі министрлік конференциясының қорытындысын жоғары бағалады.

Қосылған : 14.06.2017, 17:25, Өзгертілген : 14.06.2017, 17:25