Қазақстан – Армения: Дипломатиялық қатынастарға – 25 жыл

2017 жылғы 27 тамызында Қазақстан мен Армения дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жылдығын тойлайды.

Екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шартқа, сондай-ақ екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес дамып келеді. Қазақстан мен Армения дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері тең құқылы серіктестік пен өзара құрмет қағидаты негізінде тығыз достық қарым-қатынас орнатқан. Бұған, елдер құрған мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық салаларды қамтитын кең ауқымы құқықтық базасы дәлел.

Елдер тығыз саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды орнатып, әрі қарай дамуда. Бұған дәлел әртүрлі деңгейде тұрақты байланыстар болып табылады.

Арменияның EAЭО-қа 2015 жылы қосылуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін берді.

Екі елдің президенттері, сыртқы істер министрлері, сондай-ақ парламент спикерлері маңызды күндеріне байланысты өзара құттықтау хаттарымен алмасты.

Анықтама: Екі елдік арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 27 тамызында орнатылды. 2007 жылдың 1 наурызда Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдың 22 қазанда Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ара Саакян болып тағайындалды. 2016 жылдың 22 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Тимур Оразаев жұмыс істейді.

Қосылған : 28.08.2017, 08:30, Өзгертілген : 28.08.2017, 08:30