Камилла Шерьязданова. «Михаил Есенәлиев - саясаткер және дипломат: деректі очерктер» кітабына сын-пікір

Камилла Шерьязданова,

PhD докторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының

Дипломатия институты директорының орынбасары

«Михаил Есенәлиев - саясаткер және дипломат: деректі очерктер»

кітабына сын-пікір

(құрастырушы І.М.Қозыбаев)

КСРО ыдырағаннан кейін әлем картасында Қазақстанмен қатар бірталай жас және тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Жаңа заман көптеген маңызды проблемаларды шешуді талап етті, орасан зор сыртқы халықаралық міндеттер болды, ал сыртқы саясат ведомствосының алдында ҚР СІМ-нің жаңа геосаяси жағдайларда кең ауқымды жұмыс істеуі үшін қажет ҚР СІМ туралы, шет елдердегі қазақстандық мекемелер, ҚР Елшісінің мәртебесі мен міндеттері туралы ережелер әзірлеу, кадрларды іріктеу, оларды даярлау бойынша көп еңбекті талап ететін жұмыс тұрды.

Мемлекеттің алдында ұлттық мүдделерді қорғай алатын, әртүрлі бағыттарда сыртқы саясатты жүзеге асыра алатын, еліміздің халықаралық оң беделін қалыптастыра алатын, өзгертулерді сәтті жүзеге асыру үшін Қазақстанның айналасында қолайлы тұрақты ахуалды қалыптастыра алатын жаңа формациядағы дипломаттардың ұрпағын тәрбиелеу міндеті тұрды. Кеңестік дипломатия мектебінен өткен тәжірибелі дипломаттар қажет болды, халықаралық ұйымдар тарапынан (бірінші кезекте БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ТМД және т.б.) мойындауды және қолдауды қамтамасыз ету және басқа елдермен байланыстарды кеңейту үшін білім мен тәжірибе қажет болды.

Тәжірибелі дипломаттардың арқасында егемен Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы нық тұрып, әлем елдерімен халықаралық байланыстарды орнату, кеңейту, нығайту және дамытуға арналған бастапқы позицияларды қалыптастырды.

Қазақстандық дипломаттардың жұлдыздар шоғыры арасында дүниеден өткен, алайда замандас-әріптестеріне өшпес із қалдырған Михаил Иванович Есенәлиевтің есімі жарық жұлдыздай жарқырайды.

Профессор І.Қозыбаев құрастырған «Михаил Есенәлиев – саясаткер және дипломат: деректі очерктер» атты монография көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат Михаил Иванович Есенәлиевке арналды.

Автор аса көрнекті дипломаттың өмірдегі қызметінің тұтас картинасын көрсету үшін орасан зор жұмыс атқарды. Кітаптың негізіне басқа көздерден алу іс жүзінде мүмкін болмайтын, жаңа, мәні бойынша эксклюзивті ақпарат қамтылған.

Ол Михаил Ивановичтің еңбек жолының қаншама кең және бай болғанын көрсетеді. Кітапта оның Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі ретінде қаншалықты еңбек сіңіргені көрсетіледі. Министрліктің басшылығына талапшыл, принципшіл, айқын мақсатты адам келіп, сол жылдардағы Қазақ КСР-нің жолы болғанын ерекше айтып өту қажет. Осы адамның қызметі Михаил Ивановичтің іс-жүзіндегі бай тәжірибесін, білімі мен кәсібилігін қолдану басшы болу үлгісінің белгілі бір дәрежеде өзгеретінін алдын ала анықтады.

Кітаптың басым бөлігінде Михаил Ивановичтің мінезінің ерекшеліктері мен жеке қасиеттері толық сипатталады. Өте жоғары білімге ие, қол астындағы қызметкерлермен тең қарым-қатынаста болған Михаил Иванович әріптестері мен халықаралық саладан алшақ орталардағы достары арасында жоғары құрметті иеленді. Қайраттылық, шыдамдылық, еріктілік Михаил Ивановичке тән болды және дәл осы қасиеттердің арқасында, өмір сынақтарына қарамастан, сабырлығын жоғалтпай, қиындықтарды жеңіп, мақсатына ұмтыла білді. Ол басқа елдерді, басқа мәдениеттерді жақсы білген, түсінген және алдына қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын шебер ұйымдастыра алды.

Өз елінің географиясын, тарихын, мәдениетін, саяси, экономикалық құрылымдары мен институттарын, адами және экономикалық ресурстарды, қысқаша айтқанда, еліміздің сыртқы саясатының басымдықтарын айқындайтын барлық жайларды жете білуі оның баға жетпес құндылығына айналды. Ол терең ойлы, қандай да бір мәселені шеше білетін, жағдайды дұрыс бағалап, өзінің көзқарасын айқын және сауатты түрде білдіре алатын нағыз, адал дипломат еді. Ол тек парасатты ғана емес, өзгеше ойлай білген адам болатын. Оның дипломатия туралы түсінігі біздің еліміздің ұстанымын нақты, дұрыс жеткізе білуден, тұжырымдамаларындағы мұқияттылықтан көрінді.

Екшеліп жинақталған дипломатиялық очерктер өз тарауларында М.И. Есенәлиевтің комсомолдағы, партия жұмысындағы қызметіне жан-жақты тоқталады. М.И. Есенәлиевтің шет елдегі және іскерлік сапарлардағы жұмысы жеке тарауларда сипатталады. Мұрағаттық материалдар, отбасылық хаттар, жақын адамдар туралы естеліктер қызығушылық тудырады.

Есенәлиевтің шәкірттері арасында елімізге және әлемге танымал жоғары дәрежелі дипломаттар бар. Бұл шын мәнінде жас дипломаттар үшін үлкен кәсіби мектеп болды, бұл терең ойлауға үйрену, ой-пікірімен бөлісе білуді үйрену, тақырыпты жан-жақты ашып көрсетуді үйрену, алға қойылған сыртқы саяси тапсырманы іске асыру жолдарын іздестіру үшін шынайы мүмкіндікке айналды. Дипломат М.И. Есенәлиевтің кадрлар даярлауға жұмсаған күш-жігері әлі күнге дейін елімізге өз пайдасын әкелуде.

Кітап тек субстантивтік мазмұнымен ғана емес, сондай-ақ қызықты композициясымен, жаңа тәсілдемесімен және материалды ұсыну формасымен ерекшеленеді.

Рецензия жасалып отырған монография туралы көптеген жақсы сөздер айтуға болады және олардың барлығы да орынды болар еді. Дипломатия саласындағы туындылар қоры нақ осындай жұмыстармен толықтырыла берсе деймін.



Қосылған : 21.12.2018, 12:20, Өзгертілген : 21.12.2018, 12:20