Қайрат Келімбетов. АХҚО: өңірлік қызмет және халықаралық ынтымақтастық

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының» басқарушысы

АХҚО: өңірлік қызмет және халықаралық ынтымақтастық

Астана халықаралық биржасы (АІХ) АХҚО-ның қаржы нарығының өзегі болып табылады

Кіріспе

Қазіргі экономикалық үрдістердің өзгермелі серпіні дамудың дәстүрлі де белгілі механизмдеріне соншалықты салиқалы түрде назар аудару ісінде елеулі ілгерілеудің бар екендігін көрсетеді. Даму үстіндегі нарықтар жаһандық экономикалық өсім қалыптастыруда барған сайын мол үстемдікке ие бола бастады. Қазақстан зор әлеуетті иеленеді әрі өңірлік және жаһандық деңгейлерде өзінің бәсекеге қабілеттілігін және тартымдылығын көрсетеді. Елдің географиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілері оның әлемдік нарықтармен жан-жақты ықпалдасуы үшін берік негіз қалайды. Бүгінгі таңда ел «Астана» халықаралық қаржы орталығының көмегімен Шығыс пен Батысты жалғастыратын сауда дәлізін жаңғыртуда стратегиялық рөл атқарады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жалпыұлттық экономикалық және институционалдық реформаның маңызды құрамдасы ретінде құрылған АХҚО экономикалық өсімді нығайтуда және қаржылық экожүйеге одан әрі кірігуде шешуші рөл атқарады. «100 нақты қадам» бағдарламасының шеңберінде АХҚО-ны іске қосу тұрақты және өркендеген әлеуметтік-экономикалық болашаққа қол жеткізу болып табылады. Шикізаттық тауарларға төмен баға мен сыртқы нарықтарда тұрлаусыздықтың жаһандық факторларының болуы жағдайларында әлемдік дәрежедегі қаржы орталығын дамыту әртараптандыру және инновациялар есебінен дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге арналған уақтылы және негізделген бастама болып табылады.

АХҚО моделі халықаралық стандарттарға, сауда және кіріс көлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада активтердің жаңа сыныптарына шығуына және кірістердің әртараптандырылуына сәйкес қызметтер көрсететін өзінің инновациялық және тиімді алаңының арқасында перспективалы болып табылады. АХҚО негізгі мақсаттарының бірі қаржы құралдарының кең спектрі бар өтімді және теңгерімделген капитал нарығын әзірлеу болып табылады. АХҚО өз тұрғысынан алғанда капиталға және қаржы қызметтері мен инвестициялық құралдардың кең спектріне қол жетімділік беретін өңірдегі жалғыз алаң болып табылады. АХҚО өзінің инфрақұрылымының, халықаралық озық практика мен құралдарды пайдалануының және тәуелсіз құқықтық жүйесінің арқасында Қазақстанды жаһандық инвестициялық қоғамдастықтың қабылдауы деңгейін өзгертуге көмектеседі. Осы мақалада негізгі назар АХҚО-ның әртүрлі құрылымдарының қызметіне және олардың өңірлік және халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылына аударылады.

АХҚО басшылығы

АХҚО құрылымы әртүрлі басқарушылық және жедел құрылымдарды қамтиды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін АХҚО басқару жөніндегі кеңес жоғары орган болып табылады. Оның негізгі міндеттеріне дамудың негізгі бағыттарын айқындау, органдар қызметін үйлестіру және қаржы қызметтерінің жетекші халықаралық орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу кіреді. Кеңес мүшелері АХҚО дамытудың қозғаушы күші қызметін атқаратын нормативтік-құқықтық режимнің халықаралық стандартын қамтамасыз ететін АХҚО-ның Даму стратегиясын ратификациялайды.

Қаржы орталығының негізгі атқарушы органы барлығын өз орнына қою үшін тынбай жұмыс істейтін жобаларды басқару офисі – АХҚО Әкімшілігі болып табылады. АХҚО Әкімшілігінің негізгі қызметі басқаларды айтпағанда, жалпы даму стратегиясын әзірлеуді, АХҚО-ны жаһандық нарықтарда ілгерілетуді, АХҚО әлеуетті қатысушыларын тартуды, сондай-ақ әлемнің қаржы орталықтарында жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды АХҚО басқаруға тартуды қамтиды.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасының шеңберінде қаржы ағындарын тартуға арналған өңірлік алаң ретінде құрылған Астана халықаралық биржасы (АІХ) АХҚО-ның қаржы нарығының өзегі болып табылады. АІХ рөлі ұлттық ресурстарды және шетелдік қоржындар ағынын жұмылдыру арқылы ұлттық және өңірлік дамуды қамтамасыз етуден тұрады.

Биржа ең жоғары халықаралық стандарттардың негізінде барлық қатысушылар үшін тең бекітілген нормалардың арқасында жергілікті және шетелдік тараптардың арасында пайдалы бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Биржадағы бағалы қағаздар төрт валютада (KZT, RUB, USD және RMB) білдірілуі мүмкін. АІХ инвесторларға биржада ІРО иеленуге тиіс ұлттық активтерге, сондай-ақ Қазақстанда және басқа да елдерде шығарылған мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарға қол жетімділік береді. Сондай-ақ ұлттық институционалдық инвесторлар үшін кіріс көздерін жасайды. АІХ-те акцияларды, борыштық және туынды құралдарды, қаржы қаражатын, шикізаттық тауарлар мен ислам қаржы өнімдерін қоса алғанда, әртүрлі активтер сыныптарының кең спектріне қол жетімділік болады.

Жақында құрылған АІХ неғұрлым маңызды қаржы ағындарын тартады және Шығыстағы (Шаңхай қор биржасы) және Батыстағы (Nasdaq, Inc.) нарықтың әлемдік жетекші ойыншыларын – АІХ-тің негізгі екі стратегиялық әріптестерін біріктіретін болады. АІХ – бұл халықаралық стандарттарға, сауда және кіріс көлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада активтердің жаңа сыныптарына шығуға және кірістердің әртараптандырылуына сәйкес қызметтер көрсететін жоғары технологиялы, инновациялық және тиімді алаң.

АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (АФСА) барлық реттелетін қызмет түрлерінің, нарық қызметінің, қосалқы қызметтердің, АХҚО-дағы компаниялар мен әріптестіктердің кешенді реттеушісі болып табылады. АХҚО Даму стратегиясына сәйкес АФСА тәсілдемесі АХҚО дамытудың қозғаушы күші қызметін атқаратын құқықтық және нормативтік режимнің халықаралық стандартын қамтамасыз ету болып табылады.

АФСА АХҚО-ның қаржылық жүйесінің қауіпсіздігін және сенімділігін, АХҚО-да қаржы нарықтарының тиімді және ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік қызметке жәрдемдеседі және инвесторлар мен тұтынушылар үшін тең қағидаларға сәйкес әділ және ашық түрдегі экономикалық өркендеуге жәрдем көрсетеді. АФСА тіркеу бюросы өтінімдер қабылдайды және АХҚО қатысушыларын тіркейді, сондай-ақ АХҚО-ға физикалық тұрғада қатысуды қажетсінбей, орталықта өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін АХҚО-тың бейрезиденттерін аккредиттеу жұмысын жүргізеді (нарықтық инфрақұрылым объектілері, нарықтың білікті қатысушылары және т.б.).

АХҚО-ның тағы бір бірегей құрылымы әрине, Мәртебелі Лорд Вульф төрағалық ететін АХҚО Халықаралық соты болып табылады. Сот Еуразияда алғашқы бірыңғай сот талқылауы жүйесін білдіреді. Сот өз жұмысында АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең жоғары халықаралық стандарттарды басшылыққа алатын болады. Ол АХҚО-да жүзеге асырылатын қызметке және операцияларға байланысты туындайтын дауларға қатысты айрықша юрисдикцияны, сондай-ақ, егер барлық тараптар оны АХҚО сотына жазбаша нысанда беруге келіскен жағдайда, басқа да дауларға қатысты юрисдикцияны иеленеді.

АХҚО соты өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. АХҚО-ның соты халықаралық деңгейдегі судьялардың қатысуымен ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген. АХҚО сотының құрамына бірінші инстанциядағы сот және апелляциялық сот кіреді. Күрделілігі және көлемі бойынша шағын дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында бірінші инстанциядағы сот кіші талаптарды қамтиды.

АХҚО сотына қосымша Халықаралық арбитраж орталығы жұмыс істейді. Сот пен Халықаралық арбитраж орталығы бір-біріне тәуелсіз әрекет етеді, бірақ олар АХҚО шеңберіндегі дауларды шешуге арналған кешендік пакетті бірге ұсынуы мүмкін. Тараптың тұтастай стратегиялық бизнес бірлігінің істерді Халықаралық сотта қараудың неғұрлым дәстүрлі рәсімінен өтуін қалауы, сондай-ақ Халықаралық арбитраж орталығының консультациясын да таңдауы мүмкін, бұл халықаралық қаржы орталықтарында бизнес үшін барынша кең таралған практика болып табылады. Олар нұсқа ретінде сотқа және арбитражға өсу үстіндегі баламаға айналып келе жатқан араағайындықты да таңдауы мүмкін.

Экономикалық тиімділік пен жедел басқару дауларды басқару мен қарау процесінің барынша жедел және лайықты болуына кепілдік береді. Соттың және Арбитраж орталығының шешімдері Қазақстан Республикасында сенімді құқық қолдану жүйесінің қолдауына ие болады.

Халықаралық ынтымақтастық

АХҚО шеңберіндегі негізгі қызмет біздің өңірлік және халықаралық әріптестерімізбен ынтымақтастықты еріксіз негізге алатын болады. Біз айқындаған өңірлік ынтымақтастықтың жүзеге асырылатын жолдары ретіндегі үш өлшем – ол біздің көршілес Орталық Азия елдерімен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен және «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдермен тығыз ынтымақтастық.

Астана бүгінде Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы аса ірі он қаржы орталықтарының бірі ретінде танылады. Қала Орталық Азия өңіріндегі аса ірі елдің өзегі ретінде танылуға тез қол жеткізді және инвесторлар үшін барынша тартымды қалалардың біріне айналды. АХҚО-ның және оның бірегей платформасының арқасында Астана ең үздік іскерлік ортаны: қаржы қызметі үшін салық жеңілдіктерін, сенім мен жобаларды қаржыландыруға арналған SPV режимін, іс қағаздарын жүргізудің негізгі тілі ретіндегі ағылшын тілін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сенімді және ашық құқықтық жүйе Астанадағы қаржы орталығы жетістігінің шешуші факторларына айналады.

АХҚО өз қызметін осы заманғы қаржы нарықтары, мысалы, криптовалюта мен blockchain-технологиялардың, жаңа төлем жүйелерінің немесе АІ-дің дамуын қамтитын күрделі өзгерістерге тап болған кезде бастайды. Өз кезегінде, бұл оқиғалар жаңа (қаржылық емес) субъектілердің енуімен, бәсекелестіктің күшеюімен және қаржы қызметтеріне барынша кең қол жетімділікпен бірге қаржы жүйесін және тұтастай экономиканы өзгертуге қабілетті. Осылайша, АХҚО-ның мақсаты жергілікті және өңірлік нарықтарда жаңа технологияларды қолдану және жаңа құралдарды енгізу болып табылады. Жоқтан басталған және қаржы нарықтарындағы соңғы үрдістерді көрсететін икемді реттеу АХҚО-ны Еуразия өңіріндегі мейілінше қолайлы FinTech юрисдикциялардың біріне айналдырады. АХҚО өңірдің білікті мамандарын тарта отырып, АХҚО FinTech хабының базасында FinTech реттеуші құмсалғышын және акселерацияның меншікті бағдарламасын іске қосып та қойды.

Еуразиялық экономикалық одақтың негізін салушылардың бірі бола отырып Қазақстан табиғи ресурстарға бай және тамаша адами капиталы бар ауқымды және аса тартымды нарыққа қол жетімділікті иеленеді. АХҚО шетелдік компанияларға өңірлік нарықта кәсіпорындар құруға және жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, өңірге қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

АХҚО «Бір белдеу – бір жол» бастамасының жобаларымен қатар қаржылық қызметтерді ұсынуға арналған мінсіз хаб ретінде жұмыс істейді. Сонымен бірге, Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бастамасы үшін үш шешуші әріптестің бірі ретінде танылған кезде, Астана Жібек жолының Экономикалық белдеуіне арналған инфрақұрылымды қаржыландыруға жәрдемдесу жөніндегі негізгі Офиске айналды. АХҚО Қытайдың негізгі қаржылық және реттеуші мекемелерімен ынтымақтасады және орта мерзімді перспективада юанның офшорлық орталығына айналуға ұмтылады.

Қорытынды

Астана инвесторлар үшін танымал бағытқа айнала отырып, елге барынша маңызды қаржы ағындарын тарту арқылы нарыққа қатысушылар үшін өңірлік қаржылық хаб ретінде барған сайын жиі таныла бастады. Астана өзінің осы заманғы инфрақұрылымының, бірегей сәулетінің, қол жетімді көлік байланыстарының, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы тұрақты даму үстіндегі қызметтерінің арқасында келушілерді және халықаралық деңгейдегі кәсіпорындарды тартуға арналған заманауи алаңға айналды. Астананың жаһандық зияткерлік қалаға айналуы фактісі әлеуметтік секторлардың тұрақтылығы мен жетілдірілгендігін ескергенде, Астананың ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде дамуына кепілдік береді. АХҚО мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы Астананы жаһандық инвестициялық желілердің тартымдылығы рейтингінде жоғары позицияларға қол жеткізетін шын мәніндегі жаһандық қала ретінде сипаттайтыны сөзсіз.

2018 жылғы 5 шілдеде әлемнің ең жас және жедел даму үстіндегі қалаларының бірі Қазақстан елордасының қалыптасуының 20 жылдығын атап өтеді. Соңғы 20 жыл ішінде Астана жергілікті әкімшілік, мәдени және іскерлік орталығына айналып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан экономикасының өзгеруіне де үлес қосты. Биылғы жылы біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми түрде іске қосудың арқасында Астананың танымал қаржы орталығы ретінде қалыптасуын да атап өтеміз.

Ресми ұлықтау салтанаты «Astana Finance Days» көп күндік конференциясының шеңберіндегі түйінді іс-шараға айналады, онда мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, халықаралық саясаткерлер және жеке меншік нарық өкілдері, қаржы сарапшылары мен көпұлтты ірі компаниялардың басшылары, ғылыми орталардың және талдау орталықтарының сарапшылары бас қосады. Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығы жергілікті және өңірлік нарықтарды дамыту және байланыс пен ынтымақтастықтың неғұрлым тиімді арналарын қамтамасыз ету мақсатындағы үздік сарапшыларды біріктіретіндігіне сенеміз.

«Astana Finance Days» конференциясы алмасу мүмкіндігін беретін, біздің мақсаттарымызды және салыстырмалы түрде артықшылығымызды көрсететін, сондай-ақ әлемдік өнеркәсіп мамандарын барынша өзекті тақырыптарды талқылауға тартатын тарихи маңызды оқиғаға айналады. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Дипломатия жаршысы» оқырмандарын «Astana Finance Days» конференциясына және АХҚО-ны ұлықтау салтанатына шақырамын.

Қосылған : 7.06.2018, 16:20, Өзгертілген : 7.06.2018, 16:20