​ҚР Сыртқы істер министрлігінде түркі диалогын нығайту перспективалары талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Халықаралық Түркі академиясының (ХТА) президенті «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Ол ҚР СІМ басшылығын Академияның ағымдағы қызметі және болашақ жоспарлары туралы хабарлады.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Академия түркі тілі мен әдебиетіне арналған бірқатар кітаптарды шығаруға дайын екендігі, сондай-ақ қазақ тілінің латын қарпіне көшіру туралы ғылыми мақалалардың топтамасын шығару үстінде екендігі туралы хабарлады.

ХТА-ның бастамасымен өткен «Ұлы Дала» ІІ гуманитарлық форумы және қазіргі уақытта Моңғолия мен Қазақстан аумағында өткізіліп жатқан археологиялық және зерттеу жұмыстары, оның ішінде Алтын орданың 750-жылдығына арналған мәселелерге жеке назар аударылды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өте келе Академия президенті түркітілдес мемлекеттерінің, оның ішінде Өзбекстанның, Қырғызстанның және Түркіменстанның ғылыми-зерттеу орталықтарымен меморандумға қол қою мәселелері бойынша жұмыстар туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Министр Академияның түркітілдес мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын «мәдени дипломатия» арқылы нығайтуда, сонымен қатар осы үрдіске Өзбекстанның, Түрікменстанның және Мажарстанның мәдени және қоғамдық ұйымдарын тартуда жұмсалған күш-жігерін жоғары бағалады.

ҚР СІМ мен ХТА-ның өзара ықпалдастығының жемісті тәжірибесін назарға ала отырып, тараптар Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы кеңесінің Ғылым және технологиялар жөніндегі Бірінші саммиті «алаңында» Ислам тарихы, өнері және мәдениетінің ғылыми-зерттеу орталығының белсенді қатысуымен «Жібек жолы бойындағы Түркі-ислам каллиграфиясы» атты көрмені ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ, Д.Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінің» 100-жылдық мерейтойына байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар, басылымның электронды форматын ілгерілету туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қ.Әбдірахманов ХТА президентіне Құрмет грамотасын және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалімен марапаттады.

Ескертпе: Мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан болып табылатын Халықаралық Түркі академиясы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

ХТА-ның басты миссиясы болып Түркі әлемінің тарихын зерттеу, зерделеу және қорғау саласында түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Қосылған : 28.08.2017, 19:30, Өзгертілген : 28.08.2017, 19:30