Қ.Әбдірахманов Халықаралық энергетикалық хартияның бас хатшысы У.Руснакпен кездесті

12 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Энергетикалық Хартияның бас хатшысы Урбан Руснакпен кездесті.

У. Руснак өзі басқаратын ұйымның ағымдағы қызметі мен болашақ жоспарлары туралы айтты. «Біз ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығудамыз. Энергетикалық Хартия шартының арқасында шетелдік инвестор кез келген елде өзін жайлы сезінетін болады, себебі оның мүдделері қорғалуда. Шарт еліміздің сенімді серіктес ретіндегі ұстанымын күшейтеді»,- деді ұйым басшысы. Осыған орай, У. Руснак өзекті проблемаларды талқылау үшін Энергохартияның шеңберінде тұрақты кездесулерді ұсынды.

ХЭХ Хатшысы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірлесу мүмкіндіктері, сонымен қатар энергетикалық диалогта Еуродақтың Орталық Азиямен ынтымақтастығы жөніндегі стратегиялар талқыланды.

Сонымен қатар ол Қазақстанды ШЫҰ саммитін және «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатын сәтті өткізуімен құттықтады.

Қосылған : 13.06.2017, 12:20, Өзгертілген : 13.06.2017, 12:20