Қ. Әбдірахманов БҰҰ-ның мүгедектердің жөніндегі арнайы баяндамашысымен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми келеген БҰҰ-ның мүгедектер жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилармен кездесті.

Сұхбат барысында Қазақстан мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Арнайы процедурасы институтының өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 2015 жылы 20 ақпанда ратификацияланған БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі конвенциясын жүзеге асыру бойынша Қазақстан тарапынан атқарылып отырған шаралар тақырыбына аса мән берілді.

Қ. Әбдірахманов БҰҰ өкілін мүгедектер үшін кедергісіз орта құру үшін қабылданатын шаралар, соның ішінде Қазақстан Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған мүгедектерге деген назарды арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

К. Девандас Агилар осы саладағы Қазақстанның тәжірибесіне және оны аймақтық елдерінде таралуы мүмкіндігіне мүдделік білдірді.

Ресми сапар шеңберінде БҰҰ делегациясы мүгедектерді әлеуметтік қорғау және алдын алу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында бірқатар республикалық және жергілікті құзыретті органдармен, азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен кездесіп, елімізде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың тең құқықтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған жалпы жағдайды танып біледі. Осыған байланысты министр арнайы баяндамашының сапарын қамтамасыз етуде қолғабас көрсетуге өз дайындығын білдірді.

БҰҰ арнайы баяндамашымен жиналған ақпарат баяндамада көрсетіліп БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қазақстанға тиісті рекомендациялармен ұсынылады.

БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің арнайы процедуралары – бұл адам құқықтары саласындағы тәуелсіз сарапшылар адам құқықтары саласындағы нақты мәселелері бойынша ақпараттандыруға және консультацияландыруға уәкілетті.

Қосылған : 5.09.2017, 09:20, Өзгертілген : 5.09.2017, 09:20