​Қ. Әбдірахманов БҰҰДБ өңірлік бюросының директорымен кездесу өткізді

2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның «ЭКСПО-2017»-ға қатысу жөніндегі Комиссары, Еуропа мен ТМД елдері бойынша БҰҰ Даму бағдарламасы өңірлік бюросының директоры Джихан Султаноглумен кездесті.

Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов БҰҰ өкілдеріне «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысып жатқаны, БҰҰ орнықты даму мақсаттарын іске асыруға, сондай-ақ арзан, сенімді және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрменің күн тәртібіне БҰҰ-ның жоғары назарының көрсеткіші ретінде 13 маусымда «ЭКСПО» шеңберінде БҰҰ Күнін ұйымдастырып тұрғаны үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Министр «ЭКСПО» негізінде «Болашақ энергиясы» «жасыл» технологиялар және инвестициялар орталығын құру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын дәйекті қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. «Болашақ энергиясы» орталығының аты шетелдік әріптестеріміздің арасында кең қолдау тапты. Аз дамыған елдердің дамуына қолдау көрсету – осы институттың басым бағыттарының бірі», - деп сыртқысаясат ведомствосының басшысы пікір білдірді.

Д. Султаноглу Қазақстан мен БҰҰ арасындағы түрлі бағдарламалардың барысында ынтымақтастығына, соның ішінде дамуға ресми көмек аясындағы жобаларға жоғары баға берді. БҰҰ өкілі Қазақстан мен Жапония бірлесе атқаратын Ауғанстанның әйелдеріне қолдау көрсету туралы жобасының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қосылған : 6.06.2017, 09:15, Өзгертілген : 6.06.2017, 09:15