Инвестициялық ынтымақтастық - Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастардың дамуының берік негізі

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 14маусым - Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы жетекші серіктестерінің қатарына кіреді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастары тұрақты өсу динамикасымен және экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерімен сипатталады. Берік шарттық-құқықтық база құрылды, диалогтық алаңдар мен институттардың елеулі саны жұмыс жасауда, атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақстан-герман іскерлік кеңесі, Герман өкілдігінің Орталық Азиядағы өкілдігі, Берлин Еуразиялық клубы және басқалар.

Елімізде герман инвестицияларының шамамен 90% экономиканың шикізаттық емес секторына, соның ішінде, қосылған құны жоғары өнім шығаратын қайта өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Соңғы жылдары герман компанияларымен бірлесіп құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп өндірісі және т. б. салаларда 19 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.

2005-2008 жылдар аралығында герман компаниялары Қазақстан экономикасына шамамен 4,6 млрд АҚШ доллар инвестиция құйды.

Бүгінде Германиямен инвестициялық ынтымақтастықтың табысты мысалдары ретінде «Siemens», «Heidelbreg Cement», «Knauf», «Linde», «Wilo», «Bayer AG» сияқты жетекші герман компанияларының қатысуымен жүзеге асырылған жобаларды айтуға болады. Олар өндіретін өнімдер тек Қазақстан нарығында ғана емес, көрші елдерде де жақсы танымал.

Неміс бизнесімен табысты ынтымақтастықтың ең айқын мысалдарының бірі, кішігірім көтерме сауда форматындағы әлемдегі ірі дүкендер желісі «Metro Cash & Carry-дің» Қазақстандық нарыққа шығуы болды. Қазіргі уақытта Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында 6 «Метро» сауда орталығы жұмыс істейді және 1500 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Құрылыс материалдарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – «Heidelberg Cement»Қазақстан нарығындағы 2005 жылдан бастап жұмыс жасауда. 2 мыңнан астам қызметкер цемент, бетон және инертті материалдар шығаратын бірнеше жергілікті компанияларда жұмыс істейді. Компанияның Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында үш цемент зауыты, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында жұмыс істеп тұрған бетон зауыттары бар.

Екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында қазіргі уақытта неміс капиталының қатысуымен шамамен 20 жоба оларды өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы салаларына тарту үшін әзірленуде.

Қосылған : 14.06.2019, 10:00, Өзгертілген : 14.06.2019, 10:00