Женева қаласында Қазақстанның электрондық денсаулық сақтау саласындағы бастамалары ұсынылды

ЖЕНЕВА, 2019 жылдың 7-8 наурыз – ҚР Тұрақты өкідігі қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау вице-министр Олжас Әбішевтің басшылығындағы Қазақстан делегациясы “Мүмкіндігі шектеулі балаларды жедел оқытудың және қатысудың қосымша технологиялары" атты тақырыбына БҰҰ Бала қоры қамқорлығымен (ЮНИСЕФ) ұйымдастырылған арнайы халықаралық көрмеге қатысты.

Көрме барысында 86 халықаралық жобалардың ішінен ЮНИСЕФ таңдаған әлемнің 20 елінің жобалары ұсынылды. Қазақстан тарапынан инсульттік науқастарды оңалту бойынша «ReLive» ғылыми стартап-жобасы көрсетілді. Жобаны профессор Прашант Джамвал және докторант Бейбіт Әбдікеновтың бастамашылығындағы Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары әзірледі. Сонымен қатар, старпаптың қалыптасуына робототехника, машиналық оқу, жасанды сана және медицина саласындағы Қазақстанның мамандары қатысты.

Іс-шараның ашылуы салтанатында Женева қаласындағы БҰҰ Бөлімшесі Бас директорының Хатшылық басшысы Давид Чикваидзе, Еуропалық цифрлық технологиялар мен қоғам комиссары Мария Габриель, Еуропалық жастар комитетінің төрағасы Камиль Гунгор, және де Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ Аймақтық директоры Афшан Хан сөз сөйледі.

Іс-сапар шегінде О. Әбішев Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Бас хатшысы Хоулинь Чжаомен кездесті. Вице-министр Қазақстанның ХЭО қолдауымен электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамытуда, сонымен бірге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыруда қызығушылығын танытты. Кездесу нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан және ХЭО арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуға келісті.

Қосылған : 8.03.2019, 08:00, Өзгертілген : 8.03.2019, 08:00