Қазақстан және Джибути сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзара іс-қимыл бойынша бірқатар мәселелерді талқылады

5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Джибути Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мұхаммед Әли Юсефпен жұмыс кездесуді өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қ. Әбдірахманов әріптесінің назарын Парсы шығанағы және Аден бұғазы кемежайына шығатын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» жаңа жол бағдарының әлеуетін қолдану мүмкіндігіне аударды.

Өз кезегінде М. Юсеф Африка континентінің шығыс жағалауында транспорттық хабын құру мақсатында Джибути теңіз және теміржол инфрақұрылымының дамуы туралы хабарлады және қазақстандық компанияларды аталған жобаға қатысуға шақырды.

Тараптар Оңтүстік Судан, Сомали және Эритреядағы жағдайды ескеріп, Шығыс Африка аймағында қауіпсіздік және тұрақтылықты орнату ниетін растады. Қ. Әбдірахманов әріптесімен қазақстандық тараптың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали мен Эритрея комитетіндегі төрағалығы аясында Эритреямен диалог орнатуда жүзеге асырған шараларымен бөлісті.

Сыртқы саяси ведомвство басшылары Сирия бойынша Астана процесінің алдағы алтыншы кездесуіне ерекше назар аударды. Джибути басшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалайды. Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде қол қойылған Деэскалация аймақтары туралы меморандум аясында жауынгерлін әрекеттерді тоқтату бойынша кепілгер мемлекеттердің жүзеге асырған шаралардың маңыздылығы атап өтілді.

Қосылған : 6.09.2017, 18:30, Өзгертілген : 6.09.2017, 18:30