ҚР СІМ басшысы ЭСКАТО-ға қазақстандық жобаларды қолдағаны үшін алғысын білдірді

12 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Азия және тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті.

Қ.Әбдірахманов ЭСКАТО басшысын бірлескен жобаларды жүзеге асыруда біздің елімізге, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО» негізінде «жасыл» технологиялар мен «Болашақ энергиясы» инвестициялар орталығын құру туралы бастамасына көрсеткен дәйекті қолдауы үшін алғысын білдірді. Орталықты құру туралы шешім Энергетика орнықты даму үшін атты министрліктер конференциясы нәтижесінде қабылданып, қорытынды декларациясымен бекітілді.

Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға жәрдем ететін Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасын (СПЕКА) одан әрі ілгерілету үшін үлкен көңіл бөледі және осы үдерісті дамыту үшін қолдау одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Кездесу ЭСКАТО құрылуына 70 жылдығы және Қазақстанның осы ұйымға кіруіне 25 жылдығы қарсаңында өтті. Тараптар жемісті ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, өзара әрекеттестіктің, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық саладағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сондай-ақ Алматыда БҰҰ көпжақты дипломатия хабын құру үдерісіндегі бірлескен жобаларды жүзеге асырудың басты бағыттарын айқындады.

Қосылған : 13.06.2017, 12:10, Өзгертілген : 13.06.2017, 12:10