Франция Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға дауыс берді

2017 жылғы 18 желтоқсанда Парижде Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаттары Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫтК) ратификациялауға дауыс берді.

Заң жобасын дауыс берген депутаттардың 90% қолдады. Француз Парламенті Төменгі палатасының КӘЫтК-ны ратификациялау процесіне «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының Төрағасы Пьер Кабареның басшылығымен ерекше үлес қосты.

Ұлттық Ассамблеяда сөз сөйлегенде П.Кабаре Қазақстан Францияның саяси, сол сияқты экономика салаларындағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өткен. Астана демократияландыру саласында оң үрдіс көрсетуде, қоғам дамуының және адам құқықтарын қорғаудың елеулі ілгерілеуіне қол жеткізді, дағдарысты реттеу мәселелері мен бітімгершілік қызметтің белсенді қатысушысы болып табылады. Ядролық карудан бас тарта отырып, Қазақстан денуклеаризациялау процесіне қатысады.

«Вперед Республика!» партиясы тобын білдірушісі П.Кабареның пікірінше, Париж саяси диалогты дамыту мәселелері бойынша Астанамен ынтымақтастықты кеңейту қажет. Әсіресе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қақтығыстарды болғызбау және терроризммен күресу салаларындағы ынтымақтастық. Сонымен бірге, ол Келісімнің экономикалық салада тұрақты өзара әрекеттестігі жасауды білдіретінін, Франция Қазақстанның шама бойынша үшінші инвесторы болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан Орталық Азияда 2015 жылғы желтоқсанда ЕО-мен осындай шарт жасасқан алғашқы ел болып табылады. Ол әріптестіктің 29 саласын, оның ішінде экономика және сауда-саттық, денсаулық, мемлекеттік қаржыны басқару және салық салу, жаппай қырып-жою қаруын таратуға және терроризмге қарсы іс-қимыл жасау, климат өзгерістерімен күресуді қамтиды.

Франциямен қатынасының айрықша сипаты оның Еуропа Одағы елдерінің ішінде Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы шартты жасасқан алғашқы ел болуымен ерекшеленіп, 2018 жылы Астана мен Париж осындай әріптестіктің онжылдығын атап өтеді.

Қосылған : 18.12.2017, 21:10, Өзгертілген : 18.12.2017, 21:10