Оман Сұлтандығының астанасында «Астана – Еуразия жүрегі» атты фотокөрме өтті

2018 жылғы 26 маусымда «Bait al Zubair» тарихи мұражайында (Масқат қ., Оман Сұлтандығы) Қазақстан Республикасы елордасының 20-жылдығына арналған «Астана – Еуразия жүрегі» атты фотокөрменің ресми ашылу рәсімі өтті.

Фотокөрме барысында Оман халқын қаланың тарихы, мұрағат суреттерімен қатар, заманауи ғимараттар мен архитектуралық құрылымдармен және Қазақстанның жаңа астанасының негізгі назар аударарлық орындарымен таныстыратын сирек экспозиция ұсынылды.

Омандық іскерлік және мәдени жұртшылығы өкілдері, Масқатта тіркелген дипломатиялық миссиялар басшылары, сондай-ақ Оманда тұратын отандастар қатысқан іс-шара ҚР Омандағы Елшісі Ержан Мұқаштың қысқаша сөзімен ашылды.

ҚР Елшісі Қазақстанның жаңа елордасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың идеясы екендігін атап өте отырып, Астанада өткен халықаралық форумдар мен маңызды оқиғалар, атап айтқанда ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ саммиттері, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі, ЭКСПО-2017, Азиада туралы әңгімелеп берді.

Қосылған : 28.06.2018, 14:00, Өзгертілген : 11.07.2019, 09:05